« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Кеше облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов бастап, қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, облыстық мәслихат хатшысы Қылышбай Бисенов, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақмарал Әлназарова және облыс әкімінің орынбасарлары, облыс әкімі аппаратының басшысы «Құмкөл-Қызылорда» автожолында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен азаматтардың жағдайын білу үшін облыстық медицина орталығы мен қалалық ауруханаға барды.
Осыған дейін облыс әкімі «facebоok» парақшасында «Құмкөл-Қызылорда» автожолында болған жол-көлік оқиғасында қаза тапқандардың туған-туысқандары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Бұл – ешкімді бейжай қалдырмаған қайғылы оқиға болды...» деп жазды.
Айта кету керек, кеше «Кеңлік» кен орнынан Шымкент қаласына бағыт алған автобус жол апатына ұшырады. Көліктің ішінде 36 жолаушы болған. Облыстық көпбейінді ауруханаға 18 азамат түрлі дене жарақатымен жеткізілсе, бүгінде 6 адамның жағдайы ауыр. 5 науқас мамандандырылған бөлімшеде ем алуда, ал қалған адамдарға қажетті ем шаралары көрсетіліп, үйіне қайтарылған. Қалалық ауруханаға 6 адам жеткізілген. Олардың біріне ота жасалған, дәрігерлердің айтуынша ота ойдағыдай өткен.
– Қазір 2 науқас жансақтау бөлімінде болса, 2 науқас травматологиялық бөлімде. Ал, 2 адам амбулаторлық емдеуге шығарылды. Олар әрі қарай емді емханада жалғастыратын болады, – деді қалалық аурухананың бас дәрігері Бауыржан Төлеген.
Барлық науқастардың жағдайын арнайы сұрастырған аймақ басшысы оларға тиісті қолдау көрсетілетінін жеткізді.
– Біздің тарапымыздан қажетті көмек көрсетілетін болады. Емдеу шаралары толықтай жасалады. Күш-жігерлеріңізді жазылуға жұмсаңыздар. Тез сауығып, отбастарыңызға аман-есен оралуларыңызға тілектеспіз, – деді облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов.
Сондай-ақ, облыс басшысы 21 қараша күні Назарбаев даңғылында болған жол-көлік оқиғасында зардап шеккен және «Бәйтерек» шағын ауданындағы тұрғын үйде болған газ жарылысында жарақаттанған науқастардың да жағдайын сұрады.
Сала мамандарының айтуынша, науқастарға тиісті медициналық көмек көрсетілуде, қажетті дәрі-дәрмек толығымен қамтамасыз етілген.
«СБ» ақпарат.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |