ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай және Елбасы «Nur Otan» Партиясы Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен өңірлік партия филиалдары өкілдерімен өткізген кездесудің қорытындысы бойынша облыстық партия активі өтті.
Облыстық партия активінің мақсаты жергілікті жерлерде партия органдарының жұмысын күшейтіп, партияның ел өңірлеріндегі біріктіруші рөлін арттыру бойынша жұмыстардың негізгі бағыттарын талқылауға арналды. Елбасының 25 қараша күні облыстық партия филиалдары өкілдерімен кездесуінде өңірлерді дамыту бағдарламаларын жетілдірумен қатар, партияның жергілікті жерлердегі жұмыс тиімділігін одан әрі арттырудың негізгі бағыттарын да айқындады. Бүгінде облыстағы 47374 партия мүшелерінің басын біріктіріп отырған 252 бастауыш ұйымдары бар.
– Партия мүшелерін топтастыру мен қатарымызға басқа да белсенді азаматтарды тарту, партияның өз ішіндегі демократияны дамыту, жергілікті жерлерде халықтың өмір сүру сапасына тікелей әсер ететін жобалардың іске асырылуына қоғамдық және партиялық бақылауды ұйымдастыру жұмыстары қолға алынуда. Облысымызда алғаш рет пилоттық режимде Партияның кадрлық резервін іріктеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ еліміздің ақпараттық - саяси күн тәртібінде алдағы уақытта атқаратын бірнеше міндеттер тұр, – деді облыс әкімі Қ.Ысқақов.
Сонымен қатар, партияның жергілікті жерлердегі жұмыс тиімділігін одан әрі арттырудың негізгі бағыттары туралы «Nur Otan» партияcы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақмарал Шәріпбайқызы баяндама жасады.
– Партияны жаңарту, партия органдары мен оның тетіктерінің тиімділігін күшейту өз кезегінде біздің жоғары жауапкершілігіміз бен жұмыстарымыздың белсенділігін арттыруды білдіреді. Былтырғы жылмен салыстырғанда республика бойынша партияның қоғамдық қабылдауларына өтінішпен келетін азаматтардың саны 29 пайызғы артса, бұл көрсеткіш біздің облыста 21 пайызды көрсетіп отыр. Ал, аудандар бойынша Шиеліде 486 өтініштің тек 88-і оң шешім тапқан, пайыздық көрсеткіші- 18,1. Жаңақорған ауданында барлық түскен 453 өтініштің тек 119-ы оң шешім тапқан,пайыздық көрсеткіші- 26,2. Бұл бір жағынан азаматтардың партияға сенімінің артқанын көрсетсе, екінші жағынан бізге үлкен жауапкершілік жүктейді, – деп атап өтті А.Әлназарова.
Сонымен қатар, активте партия қатарына салтанатты қабылдау мен партия белсенділерін марапаттау шарасы ұйымдастырылды. Партияға мүшелікке - Ұлттық Олимпиадалық комитетінің нұсқаушы-спортшысы, Азия чемпионатының күміс жүлдегері, әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері, Бокстан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. Кеше ғана «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері атанған Қамшыбек Қонқабаевта бар.