« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Облыстық әкімдікте жалпыреспубликалық азаматтарды қабылдау күні шеңберінде қоғамдық қабылдау өткізілді. Аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов пен облыс әкімінің орынбасарлары, қала әкімінің міндетін атқарушы Бектас Нуридинов және басқарма басшылары жеке және заңды тұлғаларды мәселелері бойынша қабылдады.
Азаматтардың көтерген негізгі мәселелері тұрғын үй, жер кезегі, әлеуметтік сала, қайырымдылық көмек пен жұмыспен қамтуға қатысты болды. Бүгінгі қабылдауға облыс бойынша 689 адам келді.
Тұрғындардың көтерілген мәселесі мен өтініштері тек заң аясында шешімін табатын болады.
Айталық, Қызылорда қаласы, Қарауылтөбе ауылының тұрғыны Г. Оразбекова Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде оқитын қызының оқу ақысын төлеу жөнінде көмек беруді сұрады. Аймақ басшысы аталған мәселе арнайы кәсіпкерлердің демеушілігімен шешлетіндігін атап, толық 1 жылдық оқу ақысы төленеді,- деді.
"Кәсіпкер келбеті" газетінің құрылтайшысы Жүзбай Таңрықбаев аймақтан жарық көріп отырған басылымға қолдау білдіріп, тираж санын көбейтсек деген тілегін жеткізді. Облыс әкімі Қ.Ысқақов басылымда қызмет етуші редактор жас журналисттердің де барын ескеріп, демеушілер көмегімен газет тиражын көбейтуге тапсырма берді.
Жаңақорған ауданы, Түгіскен ауылының тұрғыны Мейрамбек Қабетенов, Ұлы отан соғысының ардагері, ғасыр куәгері, әкесі Жүніс Қабетеновтің атына көше атын беру мәселесімен келген. Ономастикалық комиссия шешімімен, алдағы уақытта соғыс ардагеріне көше атауы береледі,- деді облыс әкімі Қ. Ысқақов.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |