Кос басылым өкілдері Жалағашта

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында аймақ айнасына айналған "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газетінің 90 жылдық мерейтойы аясында қос басылым басшылығы аудан тұрғындарымен кездесіп, оқырман ойымен бөлісті.
   Алдымен «Кызылординские вести» газетінің бас редакторы Қазбек Ботаев, «Сыр бойы» газетінің жауапты хатшысы Дәуіржан Елубаев және газеттің арнаулы аға тілшісі Ғазиза Әбілданы аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Тажмаханов қабылдап, мерейтоймен құттықтады. Қабылдауда аудан әкімінің орынбасары аймақ тынысын үздіксіз ақпараттандырып келе жатқан қос басылымның торқалы тойы баршаға ортақ екенін айтып, бірлесе жұмыс жасайтынын жеткізді.
Басылым мерейтойы қарсаңында ауданға арнайы атбасын бұрғанаймақтағы аға басылым өкілдері газет оқырмандарымен дидарласып, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
   Сондай-ақ шара барысында белгілі қаламгерлер Шыңғыс Айбосынов, Рысбай Кәрімов, Серік Бертаев сөз сөйлеп, аға басылымдардың мазмұны байып, оқырман көңілінен шығып келе жатқанын атады. Ал «Кызылординские вести» газетінің бас редакторы Қазбек Ботаев облыста орыс тілінде шығатын «Кызылординские вести» газетінің тарихына тоқталды. Аталмыш басылымның алғашқы саны 1930 жылы 1 қаңтарда жарық көрген. Содан бері өңірдің тынысын ақпараттандып, сан саланың жетістігі газет бетінде жарық көруде. Бас редактор басылымның бүгінгі белесіне тоқталып, халықтың мұң-мұқтажын жеткізудегі айшықты жұмыстарды айтты.
«Сыр бойы» газетінің жауапты хатшысы Дәуіржан Елубаев аға басылым уақыт талабына сай түрленіп, баспасөз бетінде орнықты ойлар қозғалып, арнайы беттер ұйымдастырылатынын тілге тиек етті. Атап айтқанда, "Алтын тін", "Айна, "Цифрлы Қазақстан", "Біз және бизнес" деген айдарлармен аймақтың даму динамикасы, руханият үздіксіз жарияланып келеді. Сонымен бірге "Газет поштасынан" деген айдармен оқырман хаты тұрақты ақпараттандырылуда. Қазіргі таңда облыстық газет ұжымы жас журналистермен толығып, оқырманның талап-тілегін орындау үшін жаңаша бағытта жұмыстар жүргізілуде. Жауапты хатшы биылғы жылдың 28 қарашасы күні облыстық «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінің 90 жылдық мерейлі мерекесі кең көлемде аталып өтілетінін жеткізді. Соның аясында фотокөрме, «Атыңнан айналайын, Атамекен!» атты облыстық ақындар мүшәйрасы өткізілмек. Сондай-ақ кездесуде басылымның арнаулы аға тілшісі Ғазиза Әбілда дәуір толқынымен тыныстаған газеттің тарихына тоқталып өтті.
Кездесуде еркін пікір алмасу болып, оқырман ұсыныс-тілектерін айтып, қос басылымның мерейтойына тілектестіктерін білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 қараша 2019 г. 629 0