« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов Қызылорда қаласындағы бірқатар нысандарды аралады.
Алдымен аймақ басшысы С.Сейфуллин атындағы №4 орта мектептің жұмысымен танысты. Бұл білім ошағының бір бөлігі аппатты жағдайда тұр. Ол жағында балалар оқымайды. Облыс әкімі мектеп жанынан қосымша ғимарат салу мәселесін шешуді тапсырды. Қыс мезгілінде оқушылар үшін сынып бөлмелері жылы болуы тиіс. Ауласындағы көркейту-көгалдандыру жұмыстарына қатысты аймақ басшысы мектеп директорына сын-ескертпелерін айтты.
– Оқу тәрбие жұмыстарымен бірге, оқушыларды тазалыққа баулу педагогтардың міндеті екенін естен шығармауларыңыз керек. Ауладағы көрініске көңілім толып тұрған жоқ. Барлығын қалыпқа келтіріңіздер, – деді аймақ басшысы.
Келесі нысан – «Романов и К» ауданаралық автовокзалы. Аймақ басшысы жолаушылардың жағдайын ескеріп, жұмыстарды бір жүйеге келтіруді тапсырды.
– Автовокзал жай ғана гараж есебінде тұрмай, өзінің функциясын атқаруы керек. Жолаушылар мәселесі толық шешілсін. Қажет болған жағдайда ақысыз көліктер шығарып, тұрғындарды базарға жеткізу мәселесін қолға алыңыздар, – деп тапсырма берді аймақ басшысы.
Шет аймақтар да назардан тыс қалмады. Облыс әкімі «Титов» шағын ауданындағы жаңалауды қажет ететін көпқабатты тұрғын үйлер ауласында орналасқан ойын алаңдарының жағдайымен танысып, алаңда жүрген балалармен сұхбаттасты. Олар жаңа алаңқайдың керектігін айтуда. Аймақ басшысы қала әкімдігіне аталған мәселені жылдам шешуді тапсырып, алаңды жөндеп беруді жүктеді.
Мұнан соң облыс әкімі Әл Фараби тұрғын ауданындағы №261 орта мектепке барды. Аталған білім ошағында оқушылар санының көбеюіне байланысты қосымша құрылыс жүргізілген. Алдағы уақытта назардағы нысандардың жай-күйі бақылауда болмақ.
«СБ» ақпарат.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |