Ғани сыйлығының иегерлері марапатталды

Бүгін Қазалыда Шығыс жастарының көшбасшысы Ғани Мұратбаев туғанына 117 жыл толуына орай Республикалық Ғани Мұратбаев атындағы жастар сыйлығын марапаттау кеші өтті. Өз саласында жетістікке жеткен 30 жас арнайы сыйлықпен марапатталды.
Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Т. Маханов лебізін білдіріп, «Ғани Мұратбаев» сыйлығының дипломын табыстады.
Республикалық «Ғани Мұратбаев» атындағы жастар сыйлығы Қазақстандық патриотизмді арттыруға елеулі үлес қосқан жас дарынды белсенділерді қолдау, «Жастар жылын» кеңінен насихаттау мақсатында өткізілуде. Сонымен қатар, Сыйлық талантты жастарды ынталандыру және олардың айрықша сіңірген еңбегін тану мақсатында беріледі.
Шара барысында Республикалық Ғ.Мұратбаев атындағы жастар сыйлығы иегерлері халық батыры Жаңқожа батыр кесенесіне тағзым етуге, Қазалы қаласындағы Ғани Мұратбаев атындағы музейге, Әйтеке би кентіндегі аудандық тарихи-өлкетану музейінежәне ауданның тарих-мәдени орындарына саяхат жасап, аудан тарихымен танысты және Қазалы ауданы экономикасының дамуына өз үлесін қосып жүрген жас кәсіпкерлердің көрмесін тамашалады.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 қараша 2019 г. 1 100 0