Бұл туралы бүгін Қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Р.Каюпов, қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Ж.Досмаханов және «Ұшқыр жебе» қоғамдық қорының төрағасы Н.Мәлік мәлімдеді.
Қызылорда қаласының жастарына арналған дәстүрлі «Самғау» сыйлығына құжат қабылдау 15 қараша мен 9 желтоқсан күндері аралығында жүргізіледі.
«Самғау» жастар сыйлығына 14 пен 29 жас аралығындағы Қызылорда қаласының кез-келген жастары қатыса алады және арнайы құрылған комиссия қорытындысымен лайық деп табылған 10 жасқа 100 мың теңге көлеміндегі сыйақы табысталады.
Айта кетейік, «Самғау» сыйлығы бұған дейін 7 жыл қатарынан дәстүрлі түрде ұйымдастырылып, Қызылорда қаласынан 70 жас марапатталған.
Биыл бұл шара 8-ші рет ұйымдастырылғалы отыр.
Қосымша ақпараттарды қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нен алуға болады.
Байланыс телефоны: 26-35-62.