Рәміздерді қолдану тәртібі тиянақтылықты талап етеді

 Кеше облыс әкімі Қуанышбек Ысқақовтың төрағалығымен мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті. Оған комиссия мүшелері, селекторлық режимде Қызылорда қаласы және аудан әкімдері, аумақтық департамент пен инспекция, құқық қорғау органдарының, басқармалардың басшылары қатысты.

Мемлекеттік рәміздердің насихатталуы мен қолданылу жай-күйіне жүргізілген тексеру қоры­тын­дысы бойынша облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Талғат Маханов ха­барлама жасады. Бас­қар­ма бас­шысының айтуын­ша, рә­міздерді на­си­хат­тау және құрметтеуге ба­­­­ғыт­­­талған шаралар ұдайы ұйым­дастырылып, әлеу­мет­тік желілерде, БАҚ-та  тү­сіндірме жұмыстары тұ­рақ­ты жүргізілген. Деген­­мен, облыстық инспек­ция­­лық топтың зерделеуі нәтижесінде мониторинг жасалған  301 мекеменің 58-де  кем­ші­­ліктер анықталып отыр.  Мәселен, Арал аудандық тө­тен­ше жағдайлар бөлімі ғи­ма­­­ра­ты­ сыртындағы Ту­­­дың шеті сетінесе, «Арал теңізі обаға қарсы күрес стан­циясы» ғимара­тының сыртындағы Ту жыр­тыл­ған. Сондай-ақ, Арал ау­данаралық ауруханасында Мемлекеттік Ту түнгі мезгілде жарықтандырылмаған. Ал Қа­залы ауданы,  Өркендеу ауыл­дық округі әкімі аппара­тындағы «ҚР Мемлекеттік рәміздері» стендісінде бей­не­ленген мемлекеттік Ел­таңба жаңа стандартқа сай өзгертілмеген. Оған қоса осы ауылға қарасты  №5 «Аққоян» балабақшасы ғимаратының сыртындағы Тутұғыр стан­дартқа сай келмейтін болса,  Әйтеке би кентіндегі №266 мектеп-лицейінің директор кабинетіндегі Тутұғыр ай­шы­ғының ұшы сынған.

– Рәміздерді қолдану мен пайдалану заңдылығын сақтау өткен жылмен салыстырғанда биыл едәуір жақсарған. Мекеме басшылары рә­міздерге ерекше мән беріп, кемшіліктерді түзетуге ниет білдіруде. Жаңа стандартқа сәйкес, «QAZAQSTAN» жазуы латын графикасына ауыстырылған Елтаңбаға аудандардағы мекемелер толық көшкен. Қазалы ауданы ғана ауыспаған. Өйткені, бұл бағыттағы жұмысты жүргізуге биыл да қаржы бөлінбегені зерделеу барысында анық­талды, – деді  Т.Маханов.

Дәл осындай кемшілік басқа аудандар мен Қызылорда қаласына да тән. Қармақшы ауданы Қуаңдария ауылдық округі әкімінің аппаратында «ҚР Мемлекеттік рәміздері» стендісінде бейнеленген Мем­лекеттік Елтаңба жаңа стандартқа сай өзгертілмеген. Ал, Алдашбай ахун ауылдық клуб үйінің ғимарат сыртында Мемлекеттік Ту мүл­де орналастырылмаған. Тутұғыр­дың стандартқа сәйкес өз­гертілмеуі Төретам кенттік клуб үйінде де кездесті. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі ғимаратының сыртын­дағы Мемлекеттік Ту тәу­лік­тің қараңғы мезгілінде жа­рықтандырылмаған.

Жалағаш аудандық ауруханасының маңдайша жазуындағы әріп­тер түсіп қалса, Сырдария аудандық төтенше жағдайлар, аудандық қорғаныс істері жө­ніндегі бөлімдердің маңдайша жазуларындағы Мемлекеттік Елтаңбаның түсі оңып кеткен. Мемлекеттік Елтаңбаның жаңа стандартқа сай өзгертілмеуі  Шиелі ау­данының Қарғалы ауылдық округінде де анықталып отыр. Рәміздердің тозығы же­туі, стандартқа сәйкес кел­меуі Жаңақорған ауданы ме­кемелерінде де орын алуда. Тексеру барысында Қы­зылорда қаласы Ж.Нұрсейітов атындағы № 233 орта мектеп директорының кабинетіндегі Тутұғыр айшы­ғының ұшы сынғаны белгілі болса, С.Сейфуллин атындағы №4 мектеп-лицей ғимаратының сыртын­дағы Мемлекеттік Ту жыр­тылған. Білім беру ор­дасының бірі – Қазанғап атын­дағы Қызылорда музыкалық колледжінің  стендісінде бей­не­ленген Мемлекеттік Ел­таңба жаңа стандартқа сай өзгертілмеген.

Мұндай кемшіліктер облыс бойынша қылмыстық-атқару жүйесі, қорғаныс істері жөніндегі департаменттерде және «Бай­қоңыр» әлеуметтік-кәсіп­кер­лік корпорациясы» ұлттық ком­паниясы ғимаратында да бар.

Комиссия отырысында Қызылорда қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бектас Нұридинов, Жалағаш ауданы әкімінің міндетін атқарушы Алтынбек Дәрібаев баяндама жасады. Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Әбуова Мем­лекеттік рәміздерді қолдану мен насихаттау бойынша жүргізілген тексерудің нәтижелері туралы баяндады.

Бүгінде облыстық мәде­ниет, архивтер және құ­жаттама басқармасына қа­­рас­ты мекемелерде кем­ші­ліктер жойылған. Биыл 74 Ме­м­лекеттік Ту мен 35 Мем­лекеттік Елтаңба алуға бір жарым миллион теңгеден астам қаражат бөлініп, барлық мекемелерде елтаңбалар стан­дартқа сай ауыстырылған.

Баяндамашыларды тыңда­ған облыс әкімі  жиын соңын­да Мемлекеттік рә­міздерге қа­­тысты кемшілік орын ал­ған мекеме басшыларына тап­сырмалар берді. Олар орын­­­далмаған жағдайда меке­­ме­лердің бірінші басшы­ла­рының қызметіне саяси баға беріледі.

– Мемлекеттік рәміздерді пайдалану, қолдану және насихаттау – әрқа­шанда өзекті және басты назарда болатын мәселе. Өз­деріңіз білетіндей, облыс ор­та­лығында, аудандардың мем­лекеттік мекемелерінде, облыстық департаменттердің аудандық бөлімдерінде Мем­­­­­ле­­кеттік рәміздерді пайда­­­­лануда көптеген кем­ші­­­лік­­тер анықталды. Осы­ған орай, Мемлекеттік рә­­міз­­дерді қолдану мен наси­хат­тауда 2 реттен артық кем­ші­лік жіберген бірінші бас­­шылардың қызметіне сая­си баға беру туралы «Nur Otan» партиясы облыстық фи­лиа­лының саяси кеңес бюросына ұсыныс енгізуді тапсырамын. Әрі жоғарыда аталған кемшіліктер 20 қарашаға дейін жойылуы керек, – деді аймақ басшысы.

Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 қараша 2019 г. 650 0