«Сыр үміті» жастар сыйлығы кімдерге беріледі?

Дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан облыс әкімінің «Сыр үміті» жастар сыйлығын табыстау шарасы биыл да өз жалғасын таппақ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қуаныш Жанұзақов мәлімдеді.
– 2019 жылдың қараша айының үшінші он күндігінде Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында « Медиа Жұлдыз» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Сыр үміті» жастар сыйлығы өтеді. Жобаның мақсаты- жастардың азаматтық және қоғамдық-саяси белсенділігін арттыру, жастар ұйымдарының байланысын нығайту. Сондай-ақ, облыс жастарының білім, ғылым, өнер, мәдениет саласындағы аймақ жастарын ынталандыру, – деді Қуаныш Қуантқанұлы.
Сонымен қатар, "Сыр үміті" сыйлығы – аймағымыздың аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық дәрежелерде жеңіске жетіп жүрген 14-29 жас аралығындағы жастарға арналады. Жастар сыйлығы 20 номинация бойынша ұсыныстар қабылданады.
– Жастар сыйлығы облыстың дамуы мен өркендеуіне сүбелі үлес қосып, белсене атсалысқан жастарға беріледі. Мұнан өзге, жастар сыйлығынның үміткелерін іріктеуде ұлты, нәсілі, жынысы, діні, білім деңгейі мен әлеуметтік жағдайына шектеу жоқ. Байқау 3 кезеңнен тұрады, – деді Ақгүл Абдрасулқызы.
Жобаға құжаттарды қабылдау 15 қарашаға дейін жүргізіледі. Сондай-ақ, тапсырылған құжаттар рәсімдеу талаптарына сәйкес келмеген немес толық ұсынылмаған жағдайда қарастырылмайды. Және де ұсынылған құжаттар кері қайтарылмайды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 қараша 2019 г. 1 310 0