« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қоғалыкөлдік қақпаншылар тағы бір қасқырды қолға түсірді. Шаруасының басым бөлігін төрт түлікпен байланыстырған елді мекенде «малымды қасқыр тартты» дегендер көбейген еді. Ауыл тұрғыны Нұрбол Хамзаев түз тағысын қақпанмен алды.
– Ауыл іргесіндегі Жирентай көлінің аумағына құрғанмын қақпанды. Күнделікті жолы екен. Екеуін құрып едім, біреуіне түсіпті, екіншісіне ілінбей қалған. Дала жануарларының ішіндегі айлакері де, күштісі де осы ғой. Бұрын-соңды қоян атып, қырғауылға шыққаным болмаса, қасқырдың соңына түсіп көрмеппін. Қақпанда жатса да тісін қайрап, адамға қарсы шабуылдап тұр екен, – дейді ол.
Қақпанға түскен қасқырдың арланы екен. Нағашысы Шайхы елге белгілі қақпаншы болған. Бүгінде атқа қонған азамат қақпанын сайлап отыр. Ауылдастары да түз тағысын қолға түсірген Нұрболға дән риза.
Дәулет ҚЫРДАН,
Сырдария ауданы.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |