Қазалы ауданында құрылыс нысанында екі адам қайтыс болды

Кеше Қазалы ауданының Әйтеке би кентінде жаңадан салынып жатқан құрылыс нысанында оқыс оқиға болып, екі азамат көз жұмды, - деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметінен. 
"Қайғылы жәйтке байланысты азаматтардың ата-анасы мен бауырларына, туған-туысқандарына қайғырып көңіл айтамыз", - делінген хабарламада. 
Оқиға орнында аудандық полиция бөлімі қызметкерлері тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде.


НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 қазан 2019 г. 816 0