« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Кеше облыс әкімі Қуанышбек Ысқақовтың төрағалығымен облыс әкімдігінің мәжілісі өтіп, күн тәртібінде жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша биылғы тоғыз айдың қорытындысы, тұрмыстық қалдықтарды басқару бойынша атқарылып жатқан жұмыстар және облыс бюджетінің болжамды игерілуі қаралды. Селекторлық режимде өткен мәжіліске аудан әкімдері де қосылды.
Бірінші мәселе бойынша облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергеновтің хабарламасы тыңдалды.
Былтыр облыста жаппай кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың үш жылдығы жарияланды. Осыған орай ауқымды жұмыстар атқарылуда. Облыста шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1 қазандағы мәлімет бойынша 52158-ді құраған. 160 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Ұлттық банк мәліметіне сәйкес жыл басынан бері облыста шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға 14 млрд 500 млн теңге несие берілсе, оның ішінде мемлекеттік бағдарлама аясында 146 жобаға 4,3 млрд теңге бөлінген. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде 2,4 млрд теңгеге 79 жоба қаржыландырылған. Ал «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 1,9 млрд теңгенің 16 жобасы мақұлданған.
Облыс әкімі аталған мәселе бойынша аудандарда орын алып отырған кемшіліктерді саралады. Атап айтқанда, Арал ауданында биылғы маусым-қазан айында шағын және орта кәсіпкерліктің шығарған өнім көлемі былтырмен салыстырғанда 20,3 процентке төмендеген және «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде барлығы 111 млн теңгенің 6 жобасы ғана қаржыландырылған. Қазалы ауданында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша бірде-бір жобаға қаржы берілмеген. Қармақшыда тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің саны азайған. Сондай-ақ, биылғы жартыжылдықта шығарылған өнім көлемі былтырмен салыстырғанда 12 процентке төмендеген. Жалағашта да шағын және орта кәсіпкерліктің шығарған өнім көлемі былтырмен салыстырғанда 21,5 процентке кеміген. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы шеңберінде 414 кәсіпкер 1 млрд 415 млн теңге микронесие алғанымен соңғы үш жылда бюджетке бар болғаны 17,4 млн теңге салық түсіп, 240 ғана жұмыс орны құрылған. Сырдария ауданында шағын және орта кәсіпкерліктің өнім шығарылымы былтырмен салыстырғанда 8 процентке төмендеген. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасымен микронесие алған 411 кәсіпкер соңғы үш жылда бар болғаны 21,2 млн теңге салық төлеген. Шиеліде 565 кәсіпкерге 1,8 млрд теңге шағын несие берілген, ал салық төлемі бар болғаны 22 млн теңгені құрап отыр. Сонымен бірге «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша бірде-бір жоба ұсынылмаған. Жаңақорған ауданында да жыл басынан бері «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша жоба мүлде қаржыландырылмаған.
Облыс әкімі аталған кемшіліктерге орай аудан әкімдері мен тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, міндеттер жүктеді.
Тұрмыстық қалдықтарды басқару бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бауыржан Шәменов баяндады.
Есепті мерзімде барлығы 102 мың тонна тұрмыстық қатты қалдық жинақталса, оның 12748 тоннасы немесе 12,4 проценті кәдеге жаратылған. Жалпы облыс көлемінде түрлі қалдықтарды тасымалдау, жинақтау, өңдеуде 41 кәсіпкерлік нысан жұмыс істейді. Бүгінгі күні Қызылорда қаласында «Ыбырайхан ЛТД» ЖШС жаяу жүргінші жолына арналған брусчатка жасап шығаруда. Сонымен бірге «Smart Rubber» ЖШС автокөліктердің жарамсыз дөңгелектерінен резеңке түтіктер шығаруда. Одан бөлек, «Қызылорда қағазы» ЖШС, «ДаЖаЭр», «Август», «Аймырза», «Аян» ЖШС макалатура, пластикалық қалдықтарды өңдеуде. Облыста 8990 тонна контейнер болса, 221 арнайы техника қызмет көрсетеді. Бүгінгі күні өңірде 145 полигонның төртеуі экологиялық және санитарлық талапқа сәйкестендірілмеген. Жалағаш, Шиелі және Жаңақорған аудандарында жаңа полигон құрылысының сметалық-жобалық құжаты әзірленуде.
Мәжілісте облыс бюджетінің болжамды игерілуі жөнінде облыстық қаржы басқармасының басшысы Талғат Жақыпбаевтың хабарламасы тыңдалды.
Биылғы он айда облыс бюджеті 305 млрд теңге болып, екінші жартыжылдықтың өзінде 19 млрд теңгеге ұлғайды. Оның 10 млрд теңгесі әлеуметтік салаға бағытталған.
Мәжілісті қорытындылаған облыс әкімі көтерілген мәселелер бойынша тиісті сала басшыларына, аудан әкімдеріне нақты тапсырмалар берді.
Айнұр БАТТАЛОВА.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |