« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қазақстанның Халық жазушысы, қоғам қайраткері, қасиетті Қорқыт топырағының перзенті, Ақбас Аралдың тумасы, күллі Алаштың мақтанышы Әбдіжәміл Нұрпейісовке Мемлекет басшысының Жарлығымен «Қазақстанның Еңбек Ері» мәртебелі атағының берілуі баршамыздың мерейімізді тасытты.
Қазақтың болмысы мен келбетін әлемдік деңгейге алып шыққан Абай, Мұхтар, Әбіш секілді заңғар жазушылардың сапындағы сардар қаламгерге жасалған құрмет қазақ әдебиетіне жасалған құрмет деп білеміз.
Ә.Нұрпейісовтің бір ғана «Қан мен тер» трилогиясы дүниежүзінің отыздан аса тіліне аударылып, Арал теңізінің даңқы мен Кеңес өкіметі дәуіріндегі қазақ қоғамының шынайы бейнесін паш етті. Мұнан бөлек туабітті дарынды жазушымыз – А.Чехов, М.Горький, Н.Хикмет, А.Кэсо секілді классиктердің шығармаларын ана тілімізге аударып, қазақ оқырманын әлем әдебиетімен сусындатты.
«Қазақтың Әбесі» атанған жазушының есімі естілгенде сөз жоқ, ең бірінші Арал теңізі көз алдымызға келеді. Әбең өзінің барлық шығармаларында шалқыған Аралдың тартылған тағдырына алаңдаумен болды. «Аралдықтар зардап шегіп жатқанда мен той тойламаймын» – деп елге келіп ешқашан мерейтойларын атап өтпеді. Сөйткен теңіз-анамыз міне, енді мемлекетіміздің, Елбасымыздың ерекше қамқорлығымен қалпына түсіп, балықшылардың еңбек ырғағы бұрынғы күйіне оралып келеді.
Мен өзім кәсіпкер есебінде «СПК Қызылорда балық» серіктестігін құрып, балық өңдеу зауытын ашып, ел-жұртқа қызмет етіп жүрмін. Сонымен бірге, 2015 жылы ресейлік кәсіпкермен бірлесіп, Ульяновск облысында «Димитровград балық өлкесі» балық өңдеу зауытын іске қостық. Шикізаты құтты Арал теңізі қойнауынан тасымалданып отыр. Соңғы төрт жылда балық аулау 65 процентке артты.
Қазір облыста жылдық қуаттылығы 11 мың тонна болатын 8 балық өңдеу зауыты жұмыс істейді. Бұл – Арал өңірі мен өмірінің қайта жанданғанының дәлелі.
Осындай халықтың жүзі жарқын кезеңде заңғар жазушының 95 жасқа толған мерейлі күнін туған елі тойлап жатыр. Біз Әбеңнің жылы жүзінен Арал балықшыларының бүгінгі серпінді тынысына разы болған қанағат қуанышын көргенімізді бақыт санаймыз.
Әбең мемлекеттік, халықаралық сыйлықтардың лауреаты, кеудесі орден-медальға толы. «Қызыл Жұлдыз», «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет Белгісі», «Халықтар достығы», «Отан» – осының бәрі жампоз жазушының туған елін сүйе біліп, халқымен бірге тыныстаған тамаша еңбегіне берілген баға.
Ал, бүгін оның кемел кеудесінде алмас қырлары сәуле төгіп, Алтын жұлдыз тағылды!
Бұл ең алдымен киелі Сыр елінің ерекше қуанышы, ерен мақтанышы болмақ.
Аманбай ЕРХАТОВ,
кәсіпкер, «СПК Қызылорда балық» ЖШС директоры, облыстық мәслихат депутаты.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |