Бүгін жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары халықпен кездесіп, түрлі саладағы қызметкерлермен де жиналыс өткізеді деп күтілуде.
ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев аймақ ұстаздарымен кездесіп, білім беру мәселелерін талқылады. Жиында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова қатысып, білім беру саясатындағы соңғы жұмыстар мен мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысын сөз етті.
Бердібек Сапарбаев оқушыларға тәлім-тәрбие беруді күшейтуді, колледждердегі маман сапасын арттыруды, ұстаздардың кәсіби білім деңгейін көтеруді нақ міндет екенін атап өтті. Сондай-ақ, келер жылы аталып өтілетін маңызды даталарда ұстаздардың рөлі жоғары болу керектігін қаперге салды.
Жиын соңында ұстаздар мен мектеп директорлары вице-министр Шолпан Кариноваға өз сауалдарын жолдап, ұсыныстарын айтты.
Сонымен қатар, әлеуметтік қызметкерлер күніне орай мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған оңалту орталығындағы салтанатты шараға қатысады. Сапар аясында Бердібек Машбекұлы Шиелі, Жаңақорған аудандарында да болады деп жоспарлануда.