« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Шиелілік ерлі-зайыптылар Бақытбек Дулыға мен Дәрігүл Ысқақова он шақты жылдан бері қолөнермен айналысып келеді. Бірі сандық, бесік, қобдиша секілді бұйымдар істесе, екіншісі бесіктің жабынын тоқып, отбасылық кәсіпті дөңгелетіп отыр. Олар кеше Қызылордадағы Қәсіпкерлер үйінде өткен мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлердің «Өзіңе сене баста!» атты ІІ көрме-конкурсына қатысты. «Мұндай шаралар бізге өзіміз секілді жандармен жақын араласып, дайындаған дүниелерімізді көпшіліктің назарына ұсынуға көмектеседі», – дейді Д.Ысқақова.
Көрме-конкурсқа қатысуға 100-ден астам кәсіпкер ынта білдірсе, облыстық мәслихат депутаттары, «Нұр Отан» партиясының филиалы, кәсіпкерлер палатасы, «Даму» қоры мен әлеуметтік қорғау ұйымының өкілдерінен құрылған комиссия 70-інің өтінішін мақұлдады. «Мақсат – тағдыр тауқыметіне мойымай, қоғамда өз орнын тауып, өзін де, өзгелерді де жұмыспен қамтып отырған азаматтардың еңбегін көрсету, оларды көпке үлгі ету. Өйткені аяқ-қолы сау замандастарымыздың арасында «мемлекет береді» деген масылдық көзқарастан арыла алмай жүргендер аз емес», – дейді облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергенов.
Қармақшыдағы мүмкіндігі шектеулі балалардың «Аңсаған» қоғамдық бірлестігімен екі жылдан бері бірге жұмыс істеп келе жатқан Бақытгүл Райымбаева көрмеге ісмер көмекшілерінің қолөнер бұйымдарын ала келіпті. Тігу мен тоқуға ебі бар ұйым мүшелерін кәсіпкер гобилен мен кілем тоқу ісіне баулып жүр. «Балаларымның жетістігімен мақтанамын. «Бейбітшілік әлемі» халықаралық қазақ творчестволық бірлестігі былтыр Алматыда оқушылар мен жасөспірімдер фестивалін ұйымдастырды. Фестивальдің қолөнер-көркемсурет көрмесінде №27 орта мектеп оқушысы Аида Шауқанбаева бас жүлде, №250 мектеп-лицей оқушысы Іңкәр Боранбай І орын иеленді», – дейді Б.Райымбаева.
Көрмеге облыс әкімінің орынбасары Мұрат Имандосов қатысты. Ал ондағы өнім түрлерін бағалаған комиссия үздік 3 кәсіпкерді қаржылай сыйақымен марапаттады. Атап айтқанда, І орын иегері атанған қармақшылық Қайрат Мұсабеков миллион теңге иеленді. Одан кейінгі орындар сырдариялық Александр Тараханов (700 мың теңге) және қызылордалық Орынгүл Оразбаеваға (500 мың теңге) бұйырды. Өзге қатысушыларға тұрмыстық тауар сертификаттары табыс етілді.
Н.ҚАЗЫБАЙҚЫЗЫ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |