Қызылордада Күйіккескен қалашығын зерттеуге көңіл бөлінді

Қызылорда облысында орын тепкен ортағасырлық Күйіккескен қалашығында биыл археологиялық зерттеулер жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған шара Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Аталмыш археологиялық зерттеу жұмыстарына отандық және шетелдік мамандар да тартылды.
Олардың қатарында «Археологиялық экспертиза» ғылыми-зерттеу ұйымының директоры, ЮНЕСКО эксперті, ҚР дүниежүзлік ұлттық мұра комитетінің бас хатшысы Д.Воякин, аталмыш ғылыми-зерттеу ұйымының археологтары А.Долгушев пен М.Гурулев, Tandy институты ассоциациясының ғылыми қызметкері, PhD, тарихшы-археолог С.Гильберт бар. Жақында Қызылордада олардың қатысуымен семинар ұйымдастырылды.  
Сондай-ақ, бұл шараға музей мен ескерткіштерді қорғау мекемесі қызметкерлері қатысты. Күйіккескен қалашығы оғыздар астанасы - Жанкент шаһарының маңында орын тепкен. Ол Жанкенттен 15-20 шақырымдай жерде орналасқан. Алғаш 1946 жылы ресейлік зерттеуші Сергей Толстов басқарған Хорезм экспедициясы зерттеу жұмыстарын жүргізген.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 қазан 2019 г. 566 0