Сырдария ауданы: Еңбек пен өнерге құрмет

Ала жаздай мәпелеп өсірген астықты ысырапсыз жинаған сырдариялық диқандар мерейлі шаққа ерекше қуанышпен келіп отыр. Биыл да ойға алған межені орындап, құрмет төрінен көрінді. Осыған орай аудандық мәдениет үйінде диқандардың төл тойы аталып, «Алтын дән» салтанатты шарасы өтті.

Салтанатты шарада аудан әкімі Руслан Рүстемов ең­бек­керлерді мерекемен құт­тықтады.

– Биыл аудан бойынша 21050 гектар жерге күріш дақылы егілді. Орташа есеппен гектарынан 63,5 центнерден өнім алынып, мол астық жиналды, – деді ол. Аудан бас­шысы әр шаруашылықтың жетістігіне тоқ­талып, облыс бо­йынша алдыңғы қатарда кө­рінген еңбеккерлер мерейін үстем етіп, әрқайсысын ерекше атап өтті.

Құттықтаудан кейін үрдіс бойынша егін жинау қоры­тындысында үздік жетіс­тікке қол жеткізген озаттар марапатталып, егінжай ерлеріне сый-құрмет көрсетілді.

Орталық алаңдағы мол­шы­лық мерекесінде агро­өнер­кәсіп кешені бойынша үз­дік жетістікке жеткен маман­дар еңбегі еленді. «Алтын дән-2019» салтанатты шарасы аясын­да нағилық және бес­арық­тық еңбеккерлерге жаңа авто­көліктердің кілті табыс етілді.

Биыл Н.Ілиясов ауылындағы «Мағжан және К» ЖШС облыста озат шаруашылық атанды. Осы жылы да межеден асыра өнім алып, ел берекесі тасыды. Айтулы жұмысты жүзеге асыруға атса­лысқан 7 еңбеккерге аудандық мәслихат депутаты, «Мағжан және К» ЖШС директоры Дархан Ерәлиев «Нива» авто­көліктерінің кілтін тапсырды.

Биылғы науқанда «Бесарық» ЖШС да мол өнімге қол жеткізді. Дәулет Сәрсенбаев басқаратын шаруашылық 586 гектарды құрайтын күріш алқабының әр гектарынан 78 центнерден астық жинады. Нәтижесінде аудан бойынша алдыңғы қатардан көрінді. Осындай көрсеткішке жеткен шаруашылық еңбеккерлері де елеусіз қалған жоқ. Мерекелік шарада серіктестік директоры 3 қызметкерге жаңа автокөлік кілтін берді. Айтулы мерекеде мерейі үстем болған азаматтар еңбектің еленгеніне ризашылықтарын білдірді.

Мерекеде ауыл шаруа­шы­лығы жәрмеңкесі ұйымдас­ты­­рылып, сатылымға 40-тан астам өнім шығарылды. Ша­р­уа­­шылықтардан 30 тонна ақ кү­ріш, жем әкелінді. Жәр­мең­кеде картоп, жуа, сәбіз сатылып, тұрғындар қыстық қорын қамдап алды.

Осы күні айтыскер-ақын, өтірік айтыс жанрының майталманы Замаддин Ибадуллаев­тың 80 жылдығына орай Сырда­рия ауданы әкімдігінің қол­­дауымен «Заңғар ақын – Замад­­дин» тақырыбында об­­­лыс­­­тық ақындар айтысы өтті. Аудандық мәдениет үйін­дегі айтысқа елімізге бел­гілі ақындар Мұхтар Ния­зов, Нұрмат Мансұров, Марат Сүгірбай, Ержеңіс Әбдиев бас­таған 10 дарынды ақын қа­тысып, сөз барымтасының көрігін қыздырды.

Айтысты аудан әкімі Р.Рүстемов ашып, құттықтау сөз сөйледі.

– Әрбір талант – дара дарын иесі. Сондықтан талантты тірісінде қадірлеп, құрмет көрсету – бәріміз үшін ортақ мін­дет. Оның үстіне қазақ халқында қандай да бір мереке айтыссыз өтпе­генін негізге алсақ, «Алтын дән» мереке­сімен тұспа-тұс келген бүгінгі айтыс – ауданымыздың ынтымақ-бірлігін, берекелі іске бейім екенін білдіреді, – деді ол.

Айтыстың ашылу салтанатында об­лыс­тық мәдениет, архивтер және құ­жат­­тама басқармасының басшысы Мира Әбуова айтыскер-ақын Замаддин Иба­дул­лаевқа облыс әкімі Қуанышбек Ысқа­қовтың құттықтауын табыс етіп, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Аудан әкімі Руслан Рүстемов пен аудандық мәслихат хатшысы Ержан Әжікенов ақынға «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» атағын беріп, иығына шапан жапты. Марапаттау рәсімінде 300-ге жуық көрермен тік тұрып қол соғып, шынайы құрмет көрсетті.

Сондай-ақ ақын, Қазақстан Журна­лис­тер одағының мүшесі Мұхтар Сақта­пов Замаддин Ибадуллаевтың жақында ғана жарыққа шыққан «Бағдары ауған пенделер» атты кітабының тұсауын кесті. «Замаддин Ибадуллаев атындағы» дәстүрлі ақындар клубының сертификатын ақын өз қолымен аудан­дық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жеңісбек Төрәлиевке салтанатты түрде табыстады.

Мұнан кейін ақынның төл шәкірті, Мамыр Байдәу­летов айтыс тізгінін қо­лына алып, қазылар алқасының құра­мымен таныс­тырды. Қазылар алқасының төрайымы, Халық ақыны Әселхан Қа­лыбекова, алқа құрамында ақын-журналист Ұларбек Нұрғалымұлы мен Сырдария аудандық «Тіршілік тынысы» газеті бас редакторының міндетін атқарушы Ақтөре Ибрагимұлы бар.

Айтысты қазалылық Марат Сүгірбай мен шиелілік Мейрамбек Ибрагимов бас­тап, орнықты ой, пайымды пікірлерін өлеңмен өрнектеп, сөз сайысының көрігін қыздырды. Екінші жұп болып белгіленген ақын Бексұлтан Орынбасаров пен Нұрзат Қару қыз бен жігіттің әзілмен астасқан тамаша айтысын көпшілікке көрсете білді. Ал, үшінші жұпты құраған қармақшылық Тұрар Бекмырзаев пен сырдариялық Ерасыл Бәйментай аға мен іні арасындағы рухани байланысты өлең тілінде әспеттеп, айтысты тамашалауға келген қауымның ыстық ықыласына бөленді. Төртінші жұп сайысында қол соқпаған көрермен қалмады. Дарынды ақын Нұрмат Ман­сұров пен Ержеңіс Әбдиев айтыстың шырайын аша түсті.

Соңғы жұп Мұхтар Ниязов пен Мұхамеджан Бағдатұлы ақынын төбе­сіне көтерген елдің ынтымағын, бірлігін жырға қосты. Ә.Қалыбекова Замаддин Ибадуллаевқа арнау өлеңін оқып, кі­табын сыйлады, ақынын ардақтаған елге алғысын айтты.

Айтыс қорытындысында 100 мың теңге ынталандыру сыйлықтарын Н.Қа­ру, М.Ибрагимов, Т.Бекмырзаев және М.Сүгірбай иеленді. Ал, жүлде қоры 200 мың теңгені құрайтын үшінші орын аралдық Е.Әбдиевке берілсе, екінші орын тұғырынан елімізге белгілі ақындар М.Ниязов пен Н.Мансұров көрініп, қос ақынға 300 мың теңгеден берілді. 400 мың теңгелік сертификат жүлделі бірінші орынды иемденген сырдариялық М.Бағдатұлына табысталды. Айтыстың бас жүлдесін иеленген Е.Бәйментай  500 мың тең­генің қаржылай сыйақысын алды. Ал, көрермен қауымның көзайымына айналған жас ақын Б.Орынбасаров арнайы жүлдеге лайықты деп танылды.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 қазан 2019 г. 601 0