Жауапкершілік жеңілдемейді

Кеше облыс әкімі Қуанышбек Ысқақовтың төрағалығымен аппарат мәжілісі болды. Онда ветеринария саласында атқарылып жатқан жұмыстар мен  #Birge#tazaqazaqstan экологиялық акциясының және облыс елді мекендерінде санитариялық тазалық, көркейту және көгалдандыру айлығының өту барысы туралы мәселелер қаралды.

 
Жиын кадрлық өзгерістерді та­ныс­тырудан басталды. Облыс әкі­мінің өкімімен Бауыржан Серік­ұлы Шаменов облыстық табиғи ре­­сурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшы­сы қызметіне тағайындалды. Ал Қазақ­стан Республикасы Сауда және ин­теграция министрінің бұйры­ғы­мен Ерқасым Жай­бергенұлы Сүлей­менов Қа­зақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұты­ну­шылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысы лауазымына тағайындалды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі жауапты хатшысының бұйрығымен Саламат Сағынайұлы Қалжанов Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қы­зылорда облысы бойынша аумақтық департамент басшысы қызметіне кірісті.

Мәжілістің күн тәртібіне сәйкес алдымен аймақтағы ве­теринария саласында атқа­рылып жатқан жұмыстар сара­ланды. Облыстық ветеринария басқармасының бас­шысы Ерсұлтан Апетов эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау мақсатында аса қауіпті 14 түрлі жұқпалы ауруларға қарсы бөлінген ветеринариялық препараттардың об­лысқа 100 процент толық жеткізіл­ген­дігін айтты. Сонымен қатар, облыс­тық бюджеттен бөлінген 205,4 млн теңге қаржыға жануарлардың 5 түрлі энзоотиялық ауруларға қарсы препараттар сатып алынып, қазіргі күні бекітілген жоспарға сәйкес  алдын ала егу жұмыстарының жүріп жатқандығын сөз етті.

Бүгінде өңірдің кейбір ай­мақта­рында бруцеллез ауруы азаймай тұр. Осыған орай мем­лекеттік тапсырыс және шек­теу қойылған ошақ­тарда диагнос­тикалық тексеру жүргізіл­ген. Нәтижесінде 96 бас МІҚ, 180 бас уақ мал анықталып, ережеге сәйкес сойылған. Оған қоса, әртүрлі паразитарлық ауру­лардың алдын алу мақсатында 21309 бас қаңғыбас ит пен мысықтар ауланып жойылды.

– Бруцеллез ауруы бойынша шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешімдерді Қазалы ауданының, Өркендеу ауылдық округі мен Ғ.Мұ­ратбаев ауылы және Жалағаш ауданының, Таң ауылдық округтері кешіктіріп шығарған. Яғни, ауылдық округ әкімдері аталған іс-шараға салғырттық танытып, жергілікті жерде қауіпті аурудың одан әрі таралуына жол берген. Соған сәйкес жауапты тұлғаларға ескерту берілді. Алдағы уақытта мұндай кемшіліктерге жол берілмеуі қажет, – деді басқарма басшысы Е.Апетов.

Мұнан өзге жиын барысында басқарма тарапынан жүзеге асуы тиіс «Mobi-Vet» мобильдік қосымшасының жобасы да айтылды. Мобильдік жобаны жасақтауға «Grant Tech­nology» компаниясының өкі­лі Әсел Жұмағали ұсыныс берген. Соған сай кәсіпкерге мемле­кеттік гранттар ұсыну жөнінде конкурстық комиссияның ше­ші­мімен 2 млн теңге қаржы бө­лінген. Алайда,  қаржы қарал­ғанмен, осы уақытқа дейін жұ­мыстың орындалғаны жөнін­де ешқандай мәліметтер беріл­мей отырғандығын алға тартты.

Бұл ретте облыс әкімі орынба­сары М.Имандосовқа мәселені шұ­ғыл түрде зерттеп,  тиісті шешім қа­был­дауды тапсырды. Сонымен қатар, Қызылорда қаласы мен аудан әкімдеріне эпизоотиялық тұрақ­ты­­лықты сақтау мақсатында алдын ала егу диагностикалық тексеру жұмыста­рының уақытылы орын­далуын қадаға­лауды, об­лыстық статистика департа­­мен­­тімен бірлесіп тиісті мә­лі­мет­­терді сәйкестендіруді, қол­­да­ныс­тағы заңдылықтарға сәйкес бруцеллез ауруына қойы­­латын шектеу шараларын уақы­тылы ұйымдастыруды жүктеді.

Жиында «Birge – Taza Qazaqstan» экологиялық акция­сының және облыс елді мекен­дерінде санитариялық тазалық, көркейту жұмыстарының жүр­гізілу барысы да сөз болды. Бұл туралы облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бауыржан Шаменов хабарлады.

Оның айтуынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған акция өңірде Арал ауданы Кіші Арал теңізінің жағалауынан басталған. Аталған шараға облыс бойынша 22 мыңнан астам тұрғын қатысып, 15 мың текше метрден астам  қалдық жиналыпты.

– Шара мекеме қызметкер­лерінен бөлек, тұрғындар тарапынан да қолдау табуда. Осыған орай 7 қыркүйек пен 9 қараша аралығында тазалық айлығы жарияланып, жаяу жүргінші жолдарын, гүлзарларды тазалау мен абаттандыру жұмыстары жүруде. Биыл көгалдандыру жұмыстарына 1592,2 млн теңге қаржы қаралды, абаттандыру, тазалық жұмыстары әлі де жалғасын табады, – деді басқарма басшысы.

Акция аясында мұнан бөлек өңірде түрлі шаралар жүр­гізілуде. Мәселен, мектептерде «Экологиялық сағат» акция­сы өткізілсе, «WhatsApp» же­лісі арқылы «Эко-Патруль Қы­зылорда» жобасы іске қо­сылды. Бұл жоба мессенджерге келіп түскен хабарламаларды тиісті орындарға уақытылы жет­кізіп отырады. Оған қоса, мо­бильді топтар құрылып, рейд­тік жұмыстар да қолға алынған.

– «Тазалық – денсаулық кепілі» деген. Оның жауапкер­шілігін баршамыз сезінуіміз керек. Себебі, жауапкершіліктің міндеті салмақты, – деді облыс әкімі.


Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 қазан 2019 г. 428 0