Департамент басшысы тағайындалды

Сауда және интеграция министрінің бұйрығымен Сүлейменов Ерқасым Жайбергенұлы министрлікке қарасты Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің облыс бойынша департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Е.Сүлейменов 1963 жылы туған. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті мен  Қазақстандық экономика және құқық институтын бітірген. Еңбек жолын «Қызылордаремводстрой» трестінің жұмысшысы ретінде бастаған. Әр жылдары Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінде жауапты басшылық қызметтер атқарған.
2017 жылдың тамыз айынан бастап осы кезге дейін Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің облыс бойынша департаментінде бөлім басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 қазан 2019 г. 721 0