Нұрмахан Елтай - "Шиелі ауданының құрметті азаматы"

Бүгін Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, белгілі сатирик, облыстық «Сыр бойы» газетінің Шиелі, Жаңақорған аудандарындағы меншікті тілшісі Нұрмахан Елтай "Шиелі ауданының құрметті азаматы" атанды.
Нұрмахан Елтай - соңғы 20 жылдан бері оңтүстіктегі қос ауданның тыныс-тіршілігін талмай жазып келе жатқан қаламы қарымды журналист. 
Айта кетейік, қаламгердің осы кезге дейін «Жайма базар», «Қатырамыз», «Сүйінші дайындаңыздар», «Үшінші тайм» атты сатиралық кітаптары шықты. Ал «Ауылдың айтқыштары» кітабын оқырман қауым тіпті жылы қабылдады. Ол қолына қалам ұстаған 45 жылда мыңға жуық очерктер, мақалалар жазған.
 
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 қазан 2019 г. 972 0