« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Жаз бойы тыным таппаған диқан еңбегінің нәтижесі айқындалатын күн жақын. Егіс алқабындағы тынымсыз гүрілдеген комбайндар қарқыны да бәсеңсігендей. Себебі, қамбаға астық толтырған күріш жинау науқаны да аяқталып қалды. Күз келсе, елдің де күтетіні осы. Ауылдағы ағайынның егінді жинап, қалаға көш-керуенімен келіп, жәрмеңке жасайтыны халықты бір серпілтеді.
Егіннің жайын сұрап, елеңдеген елге биыл да Сыр диқандары биік межеден көрінгенін сүйіншілейтін күн осы.
Биыл облыс бойынша 183,1 мың гектар жерге егін егілді. Оның ішінде дәнді дақылдар 97,5 мың гектар, майлы дақылдар 7,9 мың гектар, мал азықтық дақылдар 60,2 мың гектар, картоп, көкөніс, бақша 17,4 мың гектар. Негізгі дақыл – күріш 87,9 мың гектар.
Өткен жылы Сыр диқандары гектарына 54,5 центнерден өнім жинап, бірнеше жыл қатарынан жоғары көрсеткіштерге қол жеткізсе, биыл да еңбек еткен елдің несібесін Жер-Ана ортайтпайтынына сенімдіміз.
Ел ырысын еселеуге үлес қосқан диқандардың еңбегі ел алдында әспеттелетін, береке мен молшылықтың мейрамы – «Алтын дән-2019» салтанаты бүгін өтуді. Жылдағы дәстүрмен облыс орталығының шағын ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Бұл қала тұрғындары үшін сапалы әрі бағасы арзан қыс азығын қамдап алуға мүмкіндік екені сөзсіз. Өзіміздің өнімнің дәмін өзгеден ерек көретін қалалықтар үшін бұл күн жыл бойы асыға күтер мереке десек те болады.
Бұл күні шабандоздардың делебесін қоздырған ат жарыс ұйымдастырылып, мереке шырайын аша түспек. Биылғы жылы да тай бәйге, құнан бәйге, тоқ бәйге, аламан бәйге ұйымдастырылады.
Ауыл шаруашылығына мемлекет тарапынан қолдау айтарлықтай. Техникалар жаңарып, шаруашылықтардың арзан дизель отынымен қамтамасыз етілуі, ұсақ шаруашылықтарды біріктіру, жеңілдетілген несиелендіру – мемлекет тарапынан қолдаудың нәтижесі. Сондай-ақ, инвестициялық жобалардың жүзеге асуы салаға серпін беретіні сөзсіз.
Айта кетелік, биылдан бастап еліміздегі атаулы мерекелер қатарына «Нан күні» және «Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі» қызметкерлері күнінің қосылуы да – еңбеккерлерге деген үлкен құрметтің белгісі.
Гүлмира ДІЛДӘБЕКОВА.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |