Ресей әдеби сыйлығын алған қаламгер

Белгілі жазушы, дарынды драматург, жерлесіміз Жолтай Әлмашұлы Ресей Федерациясының «Золотое Перо Руси» ұлттық әдеби сыйлығының биылғы жылы Бисер Киров атындағы күміс сыйлығының иегері атанды.
Дүние жүзінің қаламгерлері қатысатын бұл ұлттық әдеби байқауға биыл да көп шығарма түсіп, талқыға салыныпты.
Міне, солардың арасынан қазақ қаламгерінің «Вечная элегия» атты орыс тіліндегі әңгімелер жинағы «Руханият» номинациясы бойынша ерекше аталып, байқаудың күміс жүлдесін бөктерді.
Мұны тек қана қарымды қаламгердің шығармашылық жетістігі емес, бүкіл ұлт әдебиетінің мәртебесі деп атағанымыз абзал.
Бір жылдары Жолтай Әлмашұлы облыстық «Сыр бойы» газетінде де қызмет еткен. Әлі күнге дейін Сыр елі басылымының жанашыры болып келеді.
Біз жерлес қаламгерді халықаралық марапатқа ие болуымен шын жүректен құттықтаймыз!

«Сыр медиа» ЖШС ұжымы.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 қазан 2019 г. 939 0