« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Ардақты ұстаздар! Қадірлі білім саласының қызметкерлері!
Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі ұшан-теңіз. Сондықтан ол әрдайым қадірлі тұлға ретінде ерекшеленеді. Білім көшін алға жылжытып келе жатқан сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ұстаз ұлағатын ұлықтап, қадірі мен қасиетін құрметтеу парыз болса, олардың жағдайын жасап, мәртебесін көтеру – міндет. Осы орайда, елімізде «Педагог мәртебесі» Заңының қабылдануы туралы көптен бері айтылып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған алғашқы Жолдауында білім саласына, оның ішінде мұғалімдердің хал-ахуалына ерекше көңіл бөлу қажеттігін атап өтті. Бұл әрбір педагогке зор жауапкершілік жүктейді.
Ардақты ұстаздар!
Ұлттық тәрбие мен заманауи білімді ұштастырып, саналы ұрпақ тәрбиелеу – Сіздерге жүктелген абыройлы міндет! Ел мұраты жолында осы міндетті әр кез адал атқарады деп сенеміз.
Баршаңызды төл мерекелеріңізбен тағы да құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық жетістік, шаңырақтарыңызға бақ-береке тілеймін!
Құрметпен,
облыс әкімі
Қ.Ысқақов.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |