Жастар – елдің басты байлығы. Еліміздің болашағы да жастар, сондықтан оларға үлкен үміт артылды. 2019 жылдың -Жастар жылы деп жариялануы жастар үшін үлкен маңызға ие. Бүгінгі күнге дейін ел болашағы жастарды тәрбиелеуде ауданымызда біршама жұмыстар атқарылып, жастар саясаты, жастарды әлеуметтік-экономикалық жағынан қолдау шаралары өз шешімін тапты. Сырдария ауданы әкімдігі тарапынан да қолдаулар аз болған жоқ.
Осы орайда, «Жалын» тынығу лагерінде Сырдария ауданының әкімі Р.Рүстемовпен "Болашақ жастардың қолында" атты аудан жастарымен еркін форматтағы кездесуі өтті. Кездесуге кент және ауылдық округі әкімдері, жастар саясатымен байланыста жұмыс жасайтын дербес бөлім және мекеме басшылары,"Нұр Отан" партиясы Сырдария аудандық филиалы
төрағасының бірінші орынбасары, қоғамдық кеңес төрағасы, ҮЕҰ мүшелері, кент және ауылдық округі бойынша жастар ісі жөніндегі мамандар, жұмыссыз және белсенді жастар, «Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері, жастар ұйымдарының жетекшілері, жас кәсіпкерлер, БАҚ, блогерлер қатысты.
Кездесу барысында шараға жиналған жастар сұрақтарын қойып, ұсыныстарын айтты.
Шара соңында Арыс қаласын қайта қалпына келтіру жұмысына белсене ат салысып, қоғамшыл азамат ретінде еріктілердің үлгісін көрсеткені үшін ауданымыздың Құланбеков Еркін (Аманкелді ауылы), Алпысбаев Қанат (Тереңөзек кенті), Бодықов Асхат (Жетікөл ауылы), Сағынбайұлы Ербол (Тереңөзек кенті), Нұрғалиев Ерлан (А.Тоқмағанбетов ауылы) жастары марапатталды. Шараға қатысушы жастар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.