Қызылорда: зейнеткерлер үшін жолақы 90 теңге болғаны рас па?

Кешелі бері Қызылорда қаласындағы қоғамдық көліктерде зейнеткерлер үшін жол жүру жеңілдігінің алынып тасталғаны туралы ақпарат тарады.

Мән-жайды білу үшін қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміне хабарласқанымызда мұның шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

«Ақпарат жалған. Жасы жетпістен асқан адамдарға қоғамдық көлікте жол жүру құны әдеттегідей – 45 теңге. Тариф өзгерсе, қала әкімдігінің әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында алдын ала хабарланады. Жол жүру ережесінің бұзылғанын көрген қандай да бір жолаушы қоғамдық көліктің бағыты мен мемлекеттік нөмірін, дәлел боларлық фото-видеожазба ұсынуы тиіс. Ал жалған ақпарат таратса, тиісті шара қолданылады», – дейді бөлім басшысы Елмұрат Рахматуллаев.

Айта кетейік, қалалық мәслихаттың 2017 жылғы 29 маусымдағы шешімі бойынша сол жылдың 2 тамызынан бастап облыс орталығы бойынша қоғамдық көліктерде жаңа тариф енгізілді. Тиісінше ересектерге – 90, оқушыларға – 40 теңге болып өзгерді.

Назерке САНИЯЗОВА.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 қазан 2019 г. 1 068 0