« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Бүгін Сырдария ауданының әкімі Руслан Рүстемов аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Хайролла Әбеновпен және аудандық мәслихат хатшысы Ержан Әжікеновпен бірге Ұлы Отан соғысының ардагері Маханбет Бержановтың, 104 жастағы Балшай Маханбетованың және 100 жастағы Рахия Ақжанованың шаңырағында болып, соғыс және еңбек ардагерлерін мерекесімен құттықтады.
Аудан басшысы соғыс және еңбек ардагері Маханбет Бержановқа мерекелік Құттықтау хат және арнайы әзірленген сыйлықтарды табыс етті.
– Біз тәуелсіздікке ардагерлердің қажырлы еңбегінің арқасында қол жеткіздік. Бүгінгі жетістігіміздің барлығында алдыңғы буын өкілдерінің үлесі бар. Сондықтан мерекеде соғыс және еңбек ардагерлерін құттықтау – біздің парызымыз. Біз қарияларға жан-жақты қамқорлық жасау арқылы өскелең ұрпақты үлкендерді құрметтеуге үйретудеміз. Осы орайда ауданда ардагерлердің материалдық-тұрмыстық жағдайын жақсартуға, денсаулықтарын нығайтуына жан-жақты көңіл бөлінуде. Аудан ардагерлерінің ұсыныс-пікірлері әркез ескеріліп, алдыңғы буын өкілдерімен арада жақсы қарым-қатынас қалыптасқан. Бүгінгі күні ауданымызда 4092 зейнеткер бар. Оның 2-і Ұлы Отан соғысына қатысып, елге Жеңіспен оралған майдангер болса, 188 қарт тыл ардагері. Биылғы жыл Сізге жақсылықтар мен қуаныштар алып келсін,- деген аудан басшысы Жеңісті жақындатқан майдангерге зор денсаулық, отбасына амандық тіледі.
Мереке аясында ерекше құрмет көрсеткен аудан басшысына алғыс айтқан соғыс және еңбек ардагері М.Бержанов ақ батасын берді. Атқарушы билік өкілдерінің жұмысына жеміс тіледі.
Сонымен қатар, аудан әкімі Руслан Рүстемов Қоғалыкөл ауылының 100 жастағы ең қарт тұрғыны Рахия Ақжанованы мерекемен құттықтады. Аудан басшысы ғасыр жасаған өнегелі өмір иесіне құттықтау хаты мен сый-сияпат табыс етті.
– Сіз қиын кезеңдерді бастан өткеріп, халық шаруашылығын қалыптастыруда үлкен рөл атқардыңыз. Соғыста жеңіске жетуде қосқан үлесіңіз ерекше. Өйткені, талмай, тынбай тылда еңбек еттіңіз. Сізге зор денсаулық, отбасыңызға бақыт пен береке тілеймін. Балаларыңыз бен немерелеріңіздің, шөберелеріңіздің қуанышына бөленіп жүре беріңіз, - деді аудан басшысы.
Өз кезегінде ақ жаулықты ана Рахия Ақжанова аудан басшысына алғысын айтып, ақ батасын берді. Жұмыстарына жеміс тілеп, ризашылығын білдірді.
Айта кету керек, Рахия Ақжанова 1919 жылы дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы жылдары «Трудовой фронтта» жұмыс істеген. Семей облысына барып, «Қандыағаш» деген жерден қарағай ағашын қиып дайындау жұмыстарына қатысқан. Тасбөгет көпірінің құрылысын салу жұмыстарына да атсалысқан. «Октябрь» колхозы мен «Жамбыл» атындағы совхозда 25 жыл қойшы, кейіннен күрішші болып еңбек еткен. 1980 жылдары зейнеткерлікке шыққан. 2 баласынан 13 немере, 20 шөбере, 7 шөпшек сүйіп отыр.
Мереке аясында аудан басшысы Нағи Ілиясов ауылының 104 жастағы тұрғыны Балшай Маханбетованы да «1 қазан – Халықаралық қарттар күні» мерекесімен құттықтады. Аудан басшысы ғасырдан ұзақ өмір сүрген ғибратты ғұмыр иесіне Құттықтау хат және арнайы сый-сияпат табыс етті. Сонымен бірге, игі тілегін жеткізіп, зор денсаулық тіледі.
– Ардагерлерді ардақтау – біздің басты міндетіміз. Сіз ауданымыздағы ең жасы үлкен қазыналы қариясыз. Жалынды жастық шағыңыздың адал еңбекке арнадыңыз. Қарапайым жұмысшы болып еңбек ете жүріп аяулы жар, асыл ана, асыл әже атандыңыз. Бүгінде шөпшектеріңіздің қолынан дәм татып, бейнетіңіздің зейнетін көрудесіз. Лайым, деніңіз сау болып, жыл сайын зор қуанышпен қарттар күні мерекесін қарсы алыңыз. Біз Сіздің деніңіздің сау болуына тілектеспіз. Халқымыз «Үйіңде қартың болса, жазып қойған хатпен тең» деп бекер айтпаған. Жақсы қартая білген адам күннің жарығы секілді өзгелерге нұрын шашады, санаға сәулесін сіңіреді. Қазыналы қарияларымыз – қоғамымыздың қымбат қазынасы. Олар – біздің тірегіміз, арқа сүйер ардақтымыз, мемлекетіміздің баға жетпес байлығы. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Ардагерлер – біздің алтын қорымыз, мақтанышымыз» деп айырықша атап көрсетіп, қарияларды құрметтеп, қадірлеу керектігін айтқан болатын. Расында да, кезінде көп бейнет көрген қарттарымызды құрметтеу, қамқорлық жасау – абыройлы борышымыз. Қарияларды әлеуметтік жағынан тұрақты қолдау мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып саналады,-деді аудан әкімі.
Құттықтау шарасында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Хайролла Әбенұлы 104 жастың биігіне шыққан ақ жаулықты ананы мерекесімен құттықтады. Аудан ардагерлерінің ыстық ықыласын жеткізіп, ел игілігі үшін жасаған қажырлы еңбегі өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге екендігін атап өтті.
Мерекеде көрсетілген құрметке ризашылығын білдірген 104 жастағы Балшай әже елдің амандығы мен тыныштығын тілеп, ақ батасын берді.
Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ,
Сырдария ауданы әкімінің көмекшісі –
баспасөз хатшысы
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |