« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі математика пәнінің мұғалімі Мұхтар Бегайдаров мұғалімдер мен оқушыларға арналған қазақша математика сайтын жасап шығарды.
«Nismath.org» деп аталатын онлайн-платформада оқу процесінде пайдалануға болатын түрлі ресурстар мен құралдар жинақталған. Бұл сайтта оқушылардың қосымша теориялық материалдар, сынақ емтихан жұмыстары, әртүрлі типті тест пен олимпиада беті арқылы өздігінен білім алуына мүмкіндік жасалған. Сондай-ақ, мұғалімдер үшін пәнді оқытудың сапасын арттыру бағытында түрлі тақырыптағы мақалалар, бейнесабақтар мен 600-ге жуық үштілді математикалық терминологиялық сөздіктер мен оқулықтардың электронды нұсқалары жүктелген. Веб-портал қолданушыларына қажетті топқа бөлу және бірігу құралдары, калькулятор және таймер секілді қосымшаларды да осы ақпараттық ортадан алуға болады.
– Бұл жұмысты былтыр бастадым. Алғашқыда тек кітаптар мен тест жұмыстарынан құралған платформа кейін әріптестердің ұсыныстары бойынша басқа да мүмкіндіктермен толықты. Мектептің өткен жылғы түлегі Арман Әлішер сайт логотипін жасауға көмектессе, биылғы 12-сынып оқушысы Нұрбол Бижігіт сайттың мобильді қосымшасын дайындауға атсалысты, – деді жас математик.
Қазіргі таңда сайттың тұрақты қолданушылар саны 1000-нан асады. Барлық келіп түскен ІР адрестің саны 10000-ға жетті. Күнделікті 200-300 адам бұл платформаны пайдаланады екен. Алдағы уақытта жоба авторы сайт контентін толықтырып, өңірдегі ұстаздарға таныстыру арқылы аудиторияны кеңейтуді көздейді.
– Әзірге сайт жасаушылардан өзім ғана. Алдағы уақытта командаға дизайнер, программист, моушн-аниматор және аудармашы қосып, жобаны халықаралық деңгейде көрсеткім келеді. Осы жылға қойылған мақсат – 12 сыныптың сынақ емтихан жұмыстарына видеоталдау жасап, бітіруші түлектердің математикадан сыртқы жиынтық бағалауынан жоғары балл алуына септігін тигізу. Былтырғы түлектер сайттағы сынақ емтихан жұмыстарын пайдаланып, жақсы нәтиже көрсетті. Сонымен қоса, сайтқа "Ертегі есептер"(видеомен), тесттер жинағы, теориялық бөлім, nismath-вики, форум, онлайн-олимпиада жобаларын толықтыру жоспарда бар, – деді М.Бегайдаров.
Айта кету керек, Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларын қорытынды аттестаттау нәтижесі бойынша Мұхтар Бегайдаровтың оқушылары жоғары білім сапасын көрсетіп, рейтинг жүйесінде жиырма мектеп арасында бірінші орынға шықты.
Сайт контенттерін толықтыруға, оның ішінде кітап сканерлеу, емтихан жұмыстарын дайындау, курс, тест жасау сияқты жұмыстарға математик әріптестер қолғабыс етіп жатыр. Жас математик семинарларда сайтты басқа мұғалімдерге таныстырып, аудиториясын кеңейтуді жоспарлап отырғанын айтты.
М.Бегайдаров сайт жасауға қазақ тілді ресурстардың аздығы түрткі болғанын жасырмады. Оған қоса, өзінің және әріптестерінің жинап жүрген ресурстары көп болған.
– Осылардың барлығын бір жерге жинайын деген ой келді. Компьютерді жақсы меңгергенмен, бұрын-соңды сайт жасаумен айналыспағанмын. Нақты мақсат алға қойылғаннан кейін, осы істі бастау үшін сайт жасауды үйрендім. Ең бірінші жасаған сайтым – айтуға да күлкілі, дегенмен, бірте-бірте қатемен жұмыс жасау арқылы басқа сайттармен тең деңгейге жеткенін мақтанышпен айта аламын. Себебі, google pageSpeed сервисімен сайт жылдамдығын тексергенде, 100% көрсетті. Бұл – басқа сайттардың көрсеткішінен әлдеқайда жоғары. Сонымен қатар, SEO (searchengineoptimization) жағынан да алдыңғы орынға шықты, – деді сайт құрастырушы.
Оның айтуынша, google немесе басқа да іздеу сервистеріне «математика кітаптар», «қазақша математика сайты» немесе «математикалық терминдер», «математикадан тесттер», тағы да басқа осы тақырыптағы сөз тіркестерін іздесеңіз, бірінші болып nismath.org сайты көрінеді. Оқушылар жалпы және жекелеген курстармен жұмыс істеп жатыр, кітаптарды пайдаланудан бөлек, тесттерді белгілеп, өз нәтижесін тексеруде. Тест жүйесі ispring, moodle, surveyjs платформалары арқылы жұмыс жасайды. Оқушының нәтижесін мұғалімдер де көріп отырады. Әрине, сайт жасау үшін арнайы білім қажет. Дегенмен, мұғалім өзі мақсат қойып, жоспар картасын (mindmap) жасап алу керек. Егер шағын көлемдегі сайт жасаймын дейтіндер болса, tilda, wix, googlesite, adobemuse секілді конструкторларды пайдаланса болады.
– Мен де алғашқыда осындай конструкторлардан бастап үйренгенімді мойындаймын. Кейін құрылымына мән беріп қарай отырып, версткасын жасау қиын емес екеніне көзім жетті. Қазір де білмейтін нәрселерім өте көп, қосымша уақытымда үйреніп жатырмын. Информатик әріптестерімнен, мектептегі IT қызметкерлерінен үнемі ақыл-кеңес алып отырамын, – деді ол.
Осы жылы жас математик білім беру жүйесін дамыту мен өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі қосқан үлесі мен жеткен жетістіктері үшін Білім және ғылым министрінің Алғыс хатына ие болды.
Шынар БЕКБАН.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |