Байқоңырдан ұшқан алғашқы араб ғарышкері көкте намаз оқымақшы (фото)

Күні кеше Байқоңырдан ұшқан Біріккен Араб Әмірлігінің алғашқы ғарышкері Хаззаа аль-Мансури ғарышта намазды қалай оқығанын көрсетуге уәде берді деп жазады Қазақпартқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Байқоңыр ғарыш айлағынан "Союз МС-15" ғарыш кемесі 25-қыркүйек күні, Нұр-Сұлтан уақыты бойынша, сағат 19:57:53-те космосқа ұшып кетті.
Экипаж құрамына БАӘ ғарышкері Хаззаа аль-Мансури, NASA-лық астронавт Джессика Меир, Роскосмостық Олег Скрипочка, сондай-ақ, Роскосмостың ғарышкері Сергей Рыжиков пен NASA ғарышкері Томас Маршберн және БАӘ-лық Султан аль-Неяди кірген.
Ұшу алдындағы баспасөз конференциясында 36 жастағы Хаззаа аль-Мансури космоста сегіз тәулік болатынын, тіпті намаз оқитынын айтқан. Ол ұшқыш болғандықтан аспанда намаз оқып үйреніп қалғанын жеткізді.
"Ғарышта әрине, бәрі басқаша болады, мен Жерге көрсетіп, сол сәтті түсіріп алғым келеді", - дейді араб ғарышкері.
islam.ru сайтының хабарлауынша, аль-Мансури өзімен бірге Қасиетті Құранды алып кеткен екен.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 қыркүйек 2019 г. 1 373 0