Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты және «Байқоңыр» АЭА дамыту: 2019 жылғы қаңтар–тамыз аралығында Қызылорда облысы қалай дамыды

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстан өңірлерінде облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, тұрғындардың табысын өсіруге және өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар мемлекеттік бағдарламалар белсенді жүзеге асырылып жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасының Қызылорда облысында іске асырылу барысы туралы РrimeМinister.kz материалында.
Қызылорда облысы 1938 жылы 15 қаңтарда құрылған. Облыс Қазақстанның оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан, жалпы аумағы 226 мың км², бұл бүкіл республика аумағының 8,3% құрайды.
2019 жылғы 8 айда аграрлық өнім өндірісі 2,7%-ға артты
Биыл қаңтар-тамыз айларында ауыл шаруашылығы жалпы өнімнің көлемі 36,8 млрд теңгені құрап, 2018 жылдың тиісті кезеңіне 2,7%-ға артты. Сиыр малының басы 7,5%-ға (178 мың бас), қой – 9,9%-ға (557,6 мың бас), жылқы – 12,6%-ға (143,7 мың бас), түйе – 6,7%-ға (50,5 мың бас) көбейді. Тірі салмағында 22,3 мың тонна (103,1%) ет, 55,5 мың тонна сүт (101,5%), 5,5 млн дана жұмыртқа (109,2%) өндірілді.
2019 жылдың қаңтар-тамыз айларында өңірде 35,9 млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндіріліп, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,7%-ға артық.
2019 жылдың 8 айында тамақ өнімдерін өңдеу көлемі 25,8 млрд.теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,8%-ға артты.
Ауыл шаруашылығының негізгі қорына салынған инвестициялар көлемі 2 094,5 млн. теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,2 есеге артты.
Тамақ өнімдерін өндірудегі негізгі капиталға 583,8 млн теңге инвестиция салынып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,3 есеге артты.
Есепті кезеңде облыс бойынша 340,7 мың бас мүйізді ірі қара, 738,6 мың бас қой мен ешкі, 143,6 мың бас жылқы, 50,5 мың бас түйе, 2,7 мың бас шошқа және 124,1 мың бас құс өсірілуде. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 6,7 %-ға, қой мен ешкі 9,4%-ға, жылқы 12,6%-ға, түйенің саны 6,7 %-ға, шошқа 45,4%-ға артты.
Аграрлық секторға көрсетілген мемлекеттік қолдауға үстіміздегі жылы 13,3 млрд теңге бөлініп, өткен жылмен салыстырғанда 28%-ға артты. Азық-түлік тауарларының бағаларының индексі 105,6% құрады.
Облыс бойынша 183,1 мың гектар жерге егiс егілді. Оның ішінде дәндi дақылдар 97,5 мың га, майлы дақылдар 7,9 мың га, мал азықтық дақылдар 60,2 мың га, картоп, көкөнiс, бақша 17,4 мың га. Негізгі дақыл күрiштің көлемі — 87,9 мың га.
Ауыл шаруашылығы дақылдары өткен жылмен салыстырғанда 5,8 мың гектарға артық. Дәнді дақылдар көлемі 2,4 мың гектарға, мал азықтық дақылдар 3,4 мың гектарға, картоп, көкөніс және бақша дақылдары 639 гектарға ұлғайтылды.
Бүгінгі күні облыс бойынша орналасқан 87,9 мың гектар күріштің 42 гектары орылып, 165,3 мың тонна өнім алынды. Күріш жинау жұмыстары жалғасуда.
Облыс бойынша ерте егілген 3,8 мың гектар күздік бидай дақылы толығымен жиналып, 9,7 мың тонна өнім алынса, (орта өнім гектарына 25,6 ц), 4,1 мың гектар жаздық бидайдан 4,5 мың тонна өнім (орта өнім гектарына 11,1 ц), 527 гектар жаздық арпадан барлығы 440,4 тонна өнім (орта өнім гектарына 8,4 ц) және 63 гектар сұлыдан 45,4 тонна өнім алынды (орта өнім гектарына 7,2 ц).
Сонымен қатар, бүгінгі таңда дәндік жүгері мен тары дақылдарын жинау жұмыстары басталып, егілген дәндік жүгерінің 521 гектары (83,2%), тарының 194 гектары (38,1%) жиналып, тиісінше 1757 тонна жүгері, 529 тонна тары алынды.
Оған қоса, картоп, көкөніс және бақша дақылдарын жинау жұмыстары басталды. Бүгінгі күні, 3,9 мың гектар картоптың 2,8 мың гектары (70,1%), 5,6 мың гектар көкөністің 4,9 мың гектары (86,3%) және 7,7 мың гектар бақшаның 6,6 мың гектары (84,2%) жиналды.
Мақсары дақылын жинау жұмыстары толығымен аяқталды. Бүгінгі күні 7,7 мың гектар (100%) жиналып, 7 мың тонна өнім алынды.
Сонымен қатар, ескі жоңышқаның І-ші және II-ші орымы аяқталып, I-ші орымнан 87,1 мың тонна, II-ші орымнан 88,9 мың тонна жоңышқа шөбі жиналды. 17632 жаңа жоңышқаның орылған 13819 гектарынан 11,7 мың тонна шөп жиналып отыр.
Облыстың еңбек өнімділігін арттырып, сапалы ет өнімдерінің көлемін және сапасын арттыру мақсатында үстіміздегі жылы Қызылорда қаласынан «Сыр маржаны» ЖШС базасында ет комбинатының құрылысы жүргізілуде. Кәсіпорын Өзбекстан мемлекетіне 250 бас (тірідей салмағы 105 тонна) ірі қара малды, Иран Республикасына 56 бас (тірідей салмағы 22,4 тонна) ірі қара малды экспорттады. «Шаған жер» ЖШС және «Сыр маржаны» ЖШС Өзбекстан Республикасының «MUXTOR-TRADE» ШҚБ-мен 1000 бас ірі қара малды тірілей жеткізу бойынша келісімшартқа отырды. Сонымен бірге, Иранға - 800 бас, Біріккен Араб Әмірлігіне 950 бас тірілей қозы экспортқа жөнелтілді.
Тамақ өнімдерін өңдеу көлемі 2019 жылғы қаңтар-тамыз айларында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,8%-ға артты.
Сондай-ақ, күріш 5,9%-ға, сүт - 2,1 есеге, ірімшік 1,4 есеге, өзге де сүт өнімдері 2,8%-ға артқан.
2018 жылы облыстан $34,5 млн құрайтын 95,8 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері экспортталды. 2017 жылмен салыстырғанда өсім 18,2 % құрады. Оның ішінде, өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесі 94,5% құрап отыр.
Жалпы экспортталған өнімнің негізгі өткізу нарықтары Тәжікстан (34,6%), Ресей Федерациясы (32,7%), Украина (9,1%), Өзбекстан мемлекеті (9%) және Әзербайжан (7,5%) болып отыр. 2019 жылдың 1 тамызындағы мәліметтерге сәйкес, облыстан $18 608,3 мың құрайтын 44 533,8 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері экспортталып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 93,6 пайызды құрап отыр.
2013 жылы экспортқа 3 түрлі өнім шығарылса (балық, күріш, астық қалдығы), бүгінгі күнге оның саны 19-ға ұлғайтылды (қауын, қарбыз, қияр, арпа, мақсары майы, картоп, томат, ірі қара мал т.б.). Бұдан бөлек, Қытай мемлекетіне 20 тонна жүн экспортталды. Жыл соңына дейін Иран мемлекетіне 150 бас ірі қара мал, БАӘ-не 1000 бас ірі қара мал және 200 бас қой, сондай-ақ бақша дақылдарын экспорттау жоспарлануда.
Осы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша инвестициялар көлемі 1,7 есеге артты
2019 жылғы қаңтар-тамызда өңірге тартылған жалпы инвестиция көлемі 233,4 млрд теңге құрап, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 1,7 есе өсті. Өсу динамикасы бойынша Қызылорда облысы аймақтар қатарында алғашқы үштікке кіретінін атап өткен жөн (Қарағанды – 188,3%, Шығыс Қазақстан – 145,9%).
Инвестициялардың өсуі негізінен инфрақұрылымдық (51 млрд.тг.), инвестициялық (79 млрд.тг.) жобаларға және мұнай компаниялары мен басқа да салаларға тартылған инвестициялар есебінен қамтамасыз етілді.
Облыс аумағында 909,9 га жер көлемінде 6 индустриялық аймақ жұмыс жасауда. Қазіргі таңда бөлінген жер телімінен 213,8 га жер игеріліп, жалпы құны 193 млрд.тенгені құрайтын 47 жоба орналастырылды.
Бүгінгі күні құны 65,3 млрд теңге құрайтын 21 жоба іске асырылып, 422 жұмыс орыны ашылды.
2019 жылдың 8 айында іске қосылған жобалардың шығарған өнім көлемі 2,6 млрд тенгені құрап, 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 8,9 есеге өсті.
Жыл басынан бері, жалпы құны 166 млн теңгені құрайтын, 5 жоба іске қосылды. Жобалар өндірістік қуаттылығына толық шыққанда 26 жаңа жұмыс орыны құрылатын болады.
2019 жылдың 8 айында өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 588 млрд теңгені құрады.
Биыл индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығының аясында облыста 431 жұмыс орнын құрумен құны 42,6 млрд теңне болатын 4 жобаны іске асыру жоспарланған. Олар - табақ шыны өндіретін және өңдейтін, күйдірілген кірпіш шығаратын, балықты терең өңдейтін зауыт құрылысы, пластик қайықтар өндіретін және күріш өңдеп, мал азығын шығаруды ұйымдастыратын цехтар салу. 2019 жылдың ІІ жартыжылдығында пайдалануға беру жоспарланған.
Сондай-ақ, 2018 жыл өткен Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығының XV форумы аясында Елбасының «Байқоңыр» еркін экономикалық аймағын құру мәселесін пысықтау туралы тапсырмасына сәйкес «Байқоңыр» еркін экономикалық аймағын құру бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ЕЭА құру туралы Келісім жобасы әзірленді.
«Байқоңыр» ЕЭА «Байқоңыр» Халықаралық ғарыш айлағын (2019-2030 жж.), «Байқоңыр» ойын-сауық туристік аймағын (2019-2026 жж.) құруға, Байқоңыр қаласында 10-нан астам ірі экспортқа бағдарланған өнеркәсіптік өндірістерді ұйымдастыру үшін шетелдік және отандық инвесторларды тартуға мүмкіндік береді. Сонымен қоса, «Байқоңыр» ЕЭА қалада қолайлы бизнес ахуал тудырады, атап айтқанда, 3,6 мың жаңа жұмыс орнын құруға, жұмыссыздықтың 2019 жылғы 4,6%-дан 2025 жылға қарай 2,5%-ға дейін төмендеуіне, экономикада жұмыспен тартылғандар санын 2019 жылғы 28 мың адамнан 2035 жылы 45 мың адамға дейін арттыруға, сондай-ақ туристік ағымды жылына 250-500 мыңға дейін ұлғайтуға ықпал етеді.
ЕЭА аумағында 3600-ден аса жұмыс орнын құрумен жалпы құны 466 млрд теңге болатын 10 жобаны салу жоспарланған. Байқоңыр қаласында бүгінде 77387 адам тұрады. Қалада 347 көппәтерлі үй, яғни 20 мыңға жуық пәтер бар. Тұрғын үй мәселесін шешу үшін биыл бес тұрғын үйдің құрылысы аяқталды.
 Қызылорда облысының Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы Арнұр Нұрмағамбетов айтқандай, 2018 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Байқоңыр қаласында 5 тұрғын үй құрылысы басталды, оларда пәтерлер саны 250. 2018 жылдың соңында олар пайдалануға берілді. Биыл осы үйлерге барлық қажетті инфрақұрылым жүргізілді, абаттандыру бойынша жұмыстар толық аяқталды.
 «Жуырда бұл үйлерде 50 пәтер мемлекеттік қызметкерлерге, бюджет саласының, құқық қорғау жүйесінің жұмыскерлеріне қызметтік баспана ретінде берілетін болады. Қалған 200 пәтер сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй бағыты бойынша Байқоңыр әкімдігінде тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға беріледі. Бұл үйлерді салуға республикалық және облыстық бюджеттерден 2,1 млрд теңге бөлінеді. Сонымен қатар әлеуметтік инфрақұрылым нысандары: мектептер, ауруханалар мен емханалар салынды», — деді А.Нұрмағанбетов.
Өз кезегінде Қызылорда облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының бастығы Медет Усаин 2017 жылы «ҚазТрансГазАймақ» АҚ инвестициялық бағдарламасы аясында Байқоғыр қаласына газ тартылғанын айтты. 44 км газ құбыры мен газ тарату станцияларының құрылысы жүргізілді.
«Бесінші ведомствоаралық комиссиясының нәтижелері бойынша бүгінгі таңда "ҚазТрансГазАймақ" АҚ Байқоңыр қаласында Қызылорда облысынң тарифтеріне сәйкес газ сату мүмкіндігіне ие болды. Бұрын Байқоңыр тұрғындары сұйық мұнай газын пайдаланып, бір пәтер үшін орта есеппен айына 3 мың теңге төлейтін. Газ құбырын жүргізгеннен кейін төлемі айына шамамен 200 теңгені құрайды. Бұл халық үшін айтарлықтай демеу болады, ал шағын және орта бизнес үшін дамуға серпін бермек. Бүгінде 6 әлеуметтік нысан және барлық 323 көппәтерлі тұрғын үй табиғи газға көшірілген», — деді М. Усаин.

Биылғы 8 айда құрылыс жұмыстарының көлемі 97,4 млрд тг немесе 2018 жылдың сәйкес кезеңінің 248,8% құрады

2019 жылға «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы аясында 22,2 млрд теңге бөлінді. Жалпы мемлекеттік бағдарлама аясында барлық қаржыландыру көздері есебінен 1862 пәтерді құрайтын 43 көпқабатты тұрғын үйдің (110,9 м.ш.м.) құрылысын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде: сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлер бойынша – 24 үй (946 пәтер – 53,2 м.ш.м.), кредиттік тұрғын үй – 17 үй (830 пәтер – 52,4 мың ш.м.), жеке құрылыс салушылар есебінен – 2 үй (86 пәтер – 5,3 мың ш.м.)
Сондай-ақ, бағдарлама аясында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша 35 жобаның құрылысын жүргізуге 9,5 млрд тг бөлінді.
Жалпы 2019 жылы барлық қаржыландыру көздерінен 720,8 мың ш. м. тұрғын үйді пайдалануға беру және 299 шақырым инженерлік инфрақұрылым желілерін жүргізу жоспарланған.
«7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» ипотекалық тұрғын үйді кредиттеу бағдарламасы шеңберінде бүгінде екінші деңгейлі банктер арқылы 1 422,1 млн теңге сомасына 166 өтініш түсіп, 747,5 млн теңгеге 87 несие берілді. «7-20-25» бағдарламасы бойынша өткен жылы 240 пәтерлі 4 кредиттік тұрғын үйдің құрылысы басталған. Сондай-ақ, ағымдағы жылы құрылысы басталған 590 пәтерлі 13 кредиттік тұрғын үй бағдарлама шеңберінде өткізілетін болады.
2019 жылғы қаңтар–тамыз аралығында өңірде 9 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылған
Статистика мәліметтеріне сәйкес Қызылорда облысы бойынша 2019 жылдың І тоқсанындағы жағдай бойынша жұмыс күшінің саны – 347,9 мың адам (2018 ж.1 т. – 344,7 мың адам), жұмыспен қамтылған халық саны – 331,4 мың адам (2018 ж.1 т. – 328,1 мың адам).
Жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,8% құрайды. Есепті кезеңде 8721 (70,9%) жаңа жұмыс орны құрылды, 8095 – тұрақты (65,8 %).
«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын жүзеге асыруға облысқа 10,2 млрд теңге қаралған. Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға – 1515 адам жолданды, қысқа мерзімді оқуға 1067 адам жолданды. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 825 адам бағытталды, 757-і оқуды аяқтап, 141-і шағын несие, 309-ы – мемлекеттік грант алды.
Ауылдағы және қалалардағы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мақсатында 598 адамға шағын несие берілді. Қосымша 467 тұрақты жаңа жұмыс орындары ашылды.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 1137,2 млн тг сомасына 2637 грант берілді, 757 адам грант алып, жеке істерін ашты.
Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 17295 адам қамтылды: бос жұмыс орындарына орналасқан – 8337 адам; әлеуметтік жұмыс орындарына – 1039 адам, жастар тәжірибесіне – 2508 адам, қоғамдық жұмыстарға – 5411 адам.
Облыс бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 3,7 есеге (34312 адамнан 129525 адамға) артты. Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен жекелеген санаттағы 8126 адамға 650,5 млн теңгеге әлеуметтік төлем төленді. 2906 отбасына 127 миллион теңгеден астам сомаға қайырымдылық көмек көрсетілді.

Өңірде ШОБ субъектілерінің саны шамамен 8%-ға артты
Жұмыс жасап тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2019 жылдың 8 айында 44 227 бірлікті құрады. Өсім 2018 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 7,9% құрады. Жалпы облыс бойынша тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің ішіндегі жұмыс жасап тұрғандардың үлесі 85,7% болды.
2019 жылдың бірінші тоқсанында облыста шағын және орта бизнес саласында 90 020 адам жұмыспен қамтылып, 70,9 млрд теңгенің өнімі өндірілді.
Жыл басынан бері 3970 жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтушы мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды. «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасына қолдау көрсету үшін 1 млрд 150 млн теңге бөлінді. Жыл басынан бері екінші деңгейлі банктермен жалпы құны 3,8 млрд теңгені құрайтын 112 жоба мақұлданды.

Облыстың барлық медициналық ұйымында 100% медициналық ақпараттық жүйелер енгізілген
Осы жылдың соңына дейін қосымша 26 учаске ашып, 1 жалпы тәжірибе дәрігеріне шаққандағы халық санын 1600 адамға жеткізу жоспарлануда.
14 алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымында жедел медициналық көмек бөлімшелері ашылды. 30 жаңа жедел жәрдем бригадасының ашылуымен олардың саны 2017 жылмен салыстырғанда 47-ден 77-ге дейін өсті. Соның нәтижесінде жол жүрудің орташа уақыты қоңырау уақытынан бастап 9,8-ден 6,9 минутқа дейін қысқарды, сәтті реанимация көрсеткіші 13-тен 48%-ға дейін жеткізілді.
Бүгінгі таңда АМСК дәрігерлерімен қамту 95% жетті, орта медициналық қызметкерлердің дәрігерге қатынасы 1:3-ке дейін жеткізілді.
Денсаулық сақтау саласын цифрландыру аясында облыстың барлық медициналық ұйымдарында 100% медициналық ақпараттық жүйелер енгізілген. Компьютерлік техникамен жабдықтау 100% құрады. Интернетке қол жетімділік 86% құрайды, оның ішінде қалалық және аудандық медициналық мекемелер деңгейінде — 100%.
МӘМС туралы облыс тұрғындарына ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында 108 905 дана ақпараттық материалдар дайындалып, таратылды (49 800 буклет, 49 715 парақша, 9400 флаер).
Сонымен қатар, WhatsApp мессенджері арқылы 40 000 абонентке МӘМС жүйесі туралы бейнероликтер, сонымен қатар 70 000 абонентке SMS хабарлама жіберілді.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне көшуді жүзеге асыру мақсатында (әсіресе ауыл тұрғындары арасында) облыстың елді мекендерінде медициналық ұйымдардың қызметкерлерімен және Қызылорда облысы бойынша «ӘМСҚ» КЕАҚ бірлесе отырып, 544 286 адамды қамтыған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 5 млрд теңге көлемінде төлемдер жасалды.
Ауланы аралау (тұрғылықты жері бойынша) қорытындысы бойынша азаматтардың мәртебесін өзектендіру жұмыстарының нәтижелері бойынша бүгінде жоспарда көзделген 113 351 адамның 86 072-сі өзектендірілді, бұл 75,9% құрады, оның ішінде 44 314 — жалдамалы жұмысшылар, 1274-і — жұмыссыздар, 5002-і — тіркелмеген жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар — 466, жеке кәсіпкер — 690, әлеуметтік төлем алушылар — 5854 адам.

Облыс мектептерінің 100% кең жолақты интернетке қосылған
Облыстағы 667 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 61050 бала тәрбиеленуде. Биыл 9 білім беру нысанының құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. 8 айдың қорытындысы бойынша Арал ауданы, Сексеуіл кентіндегі мектептің 100 орындық қосымша құрылысы жаңа оқу жылында пайдалануға берілді.
3 пен 6 жастағы балалардың қамтылуы 100%. Арал, Қазалы аудандарынан 85 орынға арналған 2 жеке балабақша, Қызылорда қаласынан 140 орынға арналған 1 мемлекеттік балабақша ашылды. Жекеменшік балабақшалардың үлесі барлық балабақшаның 72% құрайды. 2019-2020 оқу жылында 293 мектепте 162 684 оқушы білім алуда.
2019 жылдың 1 маусымнан бастап 1 сыныпқа қабылдау процесі автоматтандырылған жүйеге қосылды. Барлық оқушылар мектептерге толық орналасты. Оқу процесі 1-2 ауысымда жүргізілуде. Жаңартылған білім беру мазмұнына көшкен 4, 9, 10 сынып оқушылары оқулықтармен толық қамтамасыз етілді.
Кәсіптік-техникалық білім беру туралы айтар болсақ, 2019-2020 оқу жылында облыс бойынша 29 техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында 97 мамандық 167 біліктілік бойынша 20985 студент білім алуда (16 мемлекеттік, 13 жекеменшік оқу орындары).
2019 жылы колледждерді 5398 студент оқуын аяқтаса, оның ішінде 3598 мемлекеттік тапсырыс негізінде білім алғандар. Сонымен бірге, облыс бойынша 10 оқу орыны институциональды және мамандандырылған аккредитациядан сәтті өтсе, 8 оқу орыны жоғары колледж статусын иеленіп, қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды жүзеге асыруда. 293 мектеп немесе 100% кең жолақты интернетке қосылған.

Биылғы 8 айда өңірде 28 туристік нысан пайдалануға берілді
2019 жылдың I жарты жылдығының қорытындысы бойынша келушілердің саны 44,3%-ға және ішкі туризмге келушілердің саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 45,6%-ға артып, тиісінше 1 605 адамды және 37 633 адамды құрады.
Облыста 109 орналастыру орны бар, орташа құны 7 801 теңгені құрайтын 1 411 нөмір, біржолғы сыйымдылығы 3 374 төсек-орынды құрайды. Көрсетілген кезеңде 39 237 адамға 533,2 млн теңге сомасына қызмет көрсетілді.
Бұдан өзге, облыста «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомагистралінің бойындағы жол бойындағы сервис нысандарын дамыту бойынша жұмыстар жалғасуда. Қызылорда облысының бөлігінде нысандардың құрылысына арналған 44 нүкте анықталды. 2019 жылғы 10 қыркүйегіндегі жағдайы бойынша инвестицияның жалпы сомасы 6 млрд 161 млн теңгені құрайтын 28 нысан пайдалануға берілді (оның ішінде 14-і интернетке қосылған, POS-терминалдармен төлеу мүмкіндігі бар). 720 тұрақты жұмыс орны құрылды. Қолданыстағы 28 нысанның 17-сі «Google maps» және «Yandex карта» жүйесіне енгізілді.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 қыркүйек 2019 г. 975 0