« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Сырдария ауданының әкімі Руслан Рүстемов Тереңөзек кентіндегі №210 Оспан Әбілпаттаев атындағы орта мектебінде және №35 Иса Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейінде болып, білім ордаларының жұмысымен, жетістіктерімен танысты. Аудан басшысы педагогикалық ұжым қызметкерлерімен кездесіп, төртінші өнеркәсіптік революция кезеңіндегі білім беру саласын дамыту бағытында пікірлесті.
Білім беру мекемелерінің жұмысымен танысу барысында аудан басшысы Руслан Рүстемов ел Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қзақстан халқына арнаған алғашқы Жолдауында білім саласын дамытуға ерекше басымдық берілгенін, оның ішінде мұғалім мәртебесін арттыру мәселесі кеңінен талқыланып, қолға алынған бастамалар қоғам тарапынан қолдау тапқанын айтты.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа арнаған алғашқы Жолдауында жастардың сапалы білім алуы, «Дипломмен ауылға» бағдарламасын жандандыру, маргинал жастармен жұмыс істеу басты назарға алынған. Мемлекет басшысы дарынды ауыл жастарын іріктеп, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына дайындауды тапсырды. Яғни, білім саласы ел Президентінің басты назарында. «Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез» деп ұлы Абай айтқандай, ұстаз әрқашан ілім мен ізгілікті ту еткен ардақты тұлға. Ұстазсыз адам болмайды. Бәріміз де мұғалімнің тәлімін алып, білімін үйрендік. Сондықтан болашаққа жол сілтейтін мұғалімнің еңбегін лайықты бағалау – өте маңызды міндет. Тарихы терең дәстүр сабақтастығы ұлттық тәрбие арқылы беріледі. Елбасының және Мемлекет басшысының сарабдал саясатының негізінде отандық білім беру саласы қарқынды дамып, жоғары нәтижелерге қол жеткізілді. Бүгінде ауданымызда үш ауысымда білім беретін, апаттық жағдайдағы мектептер жоқ. Аудан оқушылары да ҰБТ-дан жоғары балл жинап келеді. Бұл мемлекеттік қолдаудың жемісі, ұстаздар еңбегінің нәтижесі,-деді аудан әкімі.
№210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебінің мұғалімдері жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес оқушыларға білім беріп жатқандарын айтып, орта мектептің заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілгенін, интернет желісіне қосылғанын жеткізді. Сонымен бірге, жаңа мамандықтар атласы бойынша оқушыларға бағыт-бағдар беру жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Өз кезегінде орта мектептің орыс тілі пәні мұғалімі Салтанат Сағындық сөз сөйлеп, мұғалімдердің жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалғанын, орта мектеп оқушылары облыстық, республикалық білім бәсекелерінде жақсы жетістіктерді бағындырып жүргенін айтты. Сонымен бірге, аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ләззат Мығымбаева мен орта мектеп директоры Әсем Көшербаева ора мектептің көрсеткіштерін, есепті кзеңде атқарған жұмыстарын, алдағы мақсат-міндеттері мен жоспарларын баяндады.
Мұғалімдермен кездесуден кейін аудан басшысы оқу кабинеттерін аралап көрді. Білім сынағына дайындалып жатқан мектеп бітіруші түлектермен пікірлесіп, сәттілік тіледі.
Айта кету керек, №210 Оспан Әбілпаттаев атындағы орта мектебінің тарихы 1968 жылдан басталады. Алғашында сегіз жылдық орыс мектебі болып ашылған білім ұясына 1998 жылы аудан әкімдігінің шешімімен «Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген мұғалімі» атағының иегері, соғыс және еңбек ардагері, ұлағатты ұстаз Оспан Әбілпаттаевтың есімі берілген.
Жұмыс сапары аясында аудан әкімі Руслан Рүстемов №35 Иса Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейінің де жұмысымен танысты. Аудан басшысына білім беру мекемесінің жетістіктері мен атқарылған жұмыстар жөнінде мағлұмат берілді.
100 жылдық тарихы бар білім ұясы аудандағы 4 мектеп-лицейдің бірі. Білім ұясында қазіргі таңда 537 оқушы білім алса, оларға 67 мұғалім білім беруде. Тереңдетілген сыныптарда жұмыс жасайтын барлық мұғалімдер деңгейлік және жаңартылған білім мазмұны аясында біліктілік курстарынан өткен. Осы және басқа да мәліметтерді баяндаған мектеп-лицей директоры Бақытжан Бақбергенова ғылыми негізде білім беретін пән кабинеттері жұмыс жасап жатқанын айтты.
– Мектептің материалдық база толықтай жаңартылған. Сыныптардан барлығы тереңдетілген және 3 мультемедиялық кабинет жұмыс жасайды. Мұғалімдер мен оқушылар үшін ғаламторға қосылған 95 компьютер бар. соңғы үш жылдан бастап оқушыларғы кәсіптік бағдар беру мақсатында оқу шеберханалары, тігін цехы, оқу тәжірибе алаңы ұйымдастырылып, ауыл шаруашылығы техникасын меңгеруге басты назар аударылуда. Оқушылардың білім алуымен қатар, спортпен шұғылданулары үшін шағын гимнастикалық зал жұмыс жасайды. 62 оқушы тегін тамақпен қамтамасыз етілген,- деген мектеп-лицей директоры 2018-2019 оқу жылында 2 оқушы мемлекеттік қорытынды аттестаттау нәтижесімен «Алтын белгі» иегері атанып, 5 оқушы «Үздік аттестат» иеленгенін атап өтті.
Аудан басшысы Р.Рүстемов тамыры терең білім ордасындағы «Рухани жаңғыру» сыныбының жұмысымен танысты. Аталған сынып Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан туындаған мақсат-міндеттерді жүзеге асыру бағытында ашылған. Сыныпқа мектеп-лицей тарихынан сыр шертетін құнды мәліметтер, білім беру ісінде қажырлы еңбек еткен ұлағатты ұстаздардың өмірбаяны мен мектеп түлектерінің жетістіктері топтастырылған.
Аудан әкімі мектеп-лицейдің сыныптарын аралап, жоғары сынып оқушыларының ашық сабағына қатысты. Мұғалімдер бөлмесінде ұстаздармен кездесіп, білім беру саласын дамытудың басым бағыттары жөнінде пікірлесті. Аудан басшысы елдің ертеңгі тізгіні білімді ұрпақтың қолында екенін айтып, білімді ұрпақты тәрбиелеу ұстаздар қауымына жүктелген абыройлы міндет екенін атап өтті.
Өз кезегінде мектеп-лицейдің биология пәні мұғалімі Светлана Құрамысова сөз сөйлеп, ағымдағы жылы өткізілген «Тамыз кеңесінде» аудан мұғалімдеріне оқушыларға сапалы білім беру мақсатында тиімділігі мол тәжірибелерді енгізу жөнінде маңызды тапсырмалар берілгенін, қазіргі таңда бұл жұмыстар мектеп-лицейде жоғары деңгейде жүзеге асырылып жатқанын айтты. Сондай-ақ, мұғалімдердің қоғамдағы рөлі мен абыройын арттыру үшін нақты шаралар қолға алынғанын тілге тиек етті. Аудан әкімі мектеп-лицейдің аудан тарихында және білім беру саласында өзіндік орны бар екенін айтып, ұстаздар қауымының жұмысына жеміс тіледі. Жұмыс сапары қорытындысында аудан басшысы аудандық білім бөліміне бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Ақтөре Ибрагимұлы,
аудан әкімінің көмекшісі–
баспасөз хатшысы
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |