Әріптестері Айдар Абдуалиевті жаңа қызметке шығарып салды

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы қызметін атқарып келген Абдуалиев Айдар Сейсенбекұлы жаңа қызметке тағайындалды. 

«Бүгін міне, бұған дейін облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы қызметін атқарып келген Абдуалиев Айдар Сейсенбекұлы жаңа  қызметке тағайындалып отыр. А.Абдуалиев өз ісін жақсы білетін, басқарушылық және ұйымдастырушылық қабілеті мен біліктілігі мол маман, қай қызметте болсын жұмысын жоғары кәсіби деңгейде атқарып келе жатқан азамат екенін атап өткім келеді. Жергілікті атқарушы органдарда жемісті еңбек еткені үшін алғыс білдіремін, алдағы жұмыстарына табыс тілеймін»,-деді аймақ басшысы Қ.Ысқақов.

Айта кетейік, Айдар Сейсенбекұлы өңірде 2013 жылдан бастап еңбек етіп келді.

Жалпы, Айдар Сейсенбекұлы өзінің іскерлігі мен біліктілігінің арқасында сеніп тапсырылған салаларда жемісті еңбек етіп, аймақтың әлеуметтік және экономикалық әлеуетінің артуына сүбелі үлес қосты.

Облыс әкімдігі мен облыстық мәслихаттың бірлескен шешіміне сәйкес аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан ерекше үлесі үшін Айдар Абдуалиевті облыстың ең жоғарғы наградасы - Құрмет грамотасымен марапаттады.

Айдар Сейсенбекұлы да: «Аймақта қызмет бабымен 7 жылға жуық уақыт ішінде талай тәжірибе жинап, жанашыр достар таптым, Сыр елі маған әрқашан ыстық»,- деп әріптестеріне алғысын айтты.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 қыркүйек 2019 г. 602 0