« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Жалағаш ауданы, Мәдениет ауылының тұрғыны, 82 жастағы Шәрбан Өрікбаева әлі күнге ою ойып, құрақ құрайды. Мұнан бөлек, киізден түрлі ұлттық бұйымдар жасайды. Он екі баланың анасы ісмерлікті кейінгі ұрпаққа үйретіп, насихаттаудан жалыққан емес. Бала күнінде әжелерінен үйренген ісмерлікті енді немере-шөберелеріне үйретуді мақсат еткен Шәрбан әженің бөлмесі ісмерлік ұстаханасы деуге болады Себебі, мұнда бүгінде тұрмысымызда пайдаланбақ түгілі, кейінгі толқын атын да білмейтін қолөнер бұйымдары бар. Кебеже, кесе қап, тұскиіз, тұтқыш, қоржын дейсіз бе, көз жауын алатын қолөнер бұйымдарының түр-түрі бар. Ісмер әже бізге киіздің пайдасын айтып берді.
– Киіздің пайдасы өте көп. Қазір киіз десе, жастар үрке қарайтын болды. Ал, сол киізді пайдаланбағалы көпшіліктің аяғы ауыратын болды. Киіздің адам денсаулығына пайдасы мол. Тазалық үшін де. Киіз басып, жүн сабаудың өзі адам денсаулығына өте пайдалы, қанайналымды жақсартады, – дейді Шәрбан әже.
Бүгінде Шәрбан әженің қолынан шыққан бұйымдарға сұраныс беретіндер көбейген.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |