Жеміскүлдің жемісті еңбегі

  «С.Сейфуллин-Жер» ЖШС-да зейнеткеркүрішші бар» деген хабарды естіп, шаруашылықтың егінжайына аттандық. Ауыләкімдігіндегі мамандардың көмегімен күрішші Жеміскүл Смағұлованы №1 бригададағы күріштігінен кездестірдік. Жүзі күнге тотыққан, орта бойлы, жұмыс киімі өзін ежарасып тұрған оны бригада жетекшісі Жұматай Дүйсенбаев бізге таныс­тырды.

 – Жеміскүл апа – озаткү­ріш­шілеріміздің бірі. Шаруа­шы­лықта 20 жылдан астам уақыт еңбек етеді.Сондықтан күріш өсірудің қыр-сырын жақсы мең­герген. Нағыз еңбек үшінжа­ратылған жан. Бір мезгіл қарап отырмайды. Өз кәсібінен бөлек бригада аспазыауырып қалса немесе үлгере алмаса, оның орнын басып, көмектеседі, – дейдібригадир.

Ж.Смағұлова негізібұрын ауданға қараған «Қаракөл» ауылының тумасы екен. С.Сей­фуллин кеңшары 1975жылы құрылғанда жездесі осы ауылға бас маман болып жұмысқа орналасады. Апасыауру-сырқаулы болғандықтан Жеміскүл отбасымен көшіп келіп, көмектеседі. Соданосы ауылда тұрақтап қалып, түрлі жұмыс атқарады. Өмірлік жолдасы Ақберген Аса­нов шаруашылықта меха­низатор болып еңбек етеді. Ері­не ілесіп Жеміскүл 1983 жылы күріш егуге шығады. 40 жыл механизаторлық өтілі бар Ақберген бүгінде зейнет демалысында. Жұбайы екеуі алты бала тәрбиелеп өсірді. Ұлдарының арасынан Қанат әкесінің жолын қуып, бүгінде мықты механизаторлар санатында. Ол Серікбол Арық басқаратын жеке қожалықта комбайн жүргізеді. Қожалықтың шебер механизаторыболғандықтан оған жақында «Джон Дир» жаткасы сеніп тапсырылды. Бұл бір жағынан жастарды қолдау болса, екінші жағынан шағын қожалықтың шет­елдік комбайнды сатып алуы ауыл шаруашылығының да­мып келе жатқанын көрсетеді.

Жеміскүл апа биыл 67жасқа толады екен. Зейнеткерлікке шы­ғып, еңбек жолын жалғастыр­ғанына 14 жылболыпты.

– Үйде бос отырғымкелмей­ді. Ала жаздай күріш егемін. Қыста үйге отын дайындаймын. Еңбек етпесемауырамын. Үнемі қозғалыстың арқасында денсаулығыма ешқандай шағы­мым жоқ.Басшылар сенім артқан соң, жұмысымды жалғастырып келемін, – дейді диқан. 

Биыл зейнеткер күрішшінің қарауында 40 гектар Сыр салысы бар. Егін бітік өсіп, жайқалып тұр. Мұның алдындағы жылдарда 50-60 центнерден өнім алыпты. Ал биыл одан жоғары көрсеткішке жетемін деген үмітте.

«Балапанды күзде санайды» дейді халық даналығы. Кә­нігі диқан, еңбеккер ана егін­жайының өнімімол болсын деген тілектеміз.

 

Шаһарбек НҰРСЕЙІТОВ.

Сырдария ауданы.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 қыркүйек 2019 г. 926 0