« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Бүгін Қызылорда облысында Халықаралық Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттері арасындағы электроэнергетика саласы бойынша 10/0,4 кВ тарату тораптарын жөндеу мен қызмет көрсету бригадалары персоналының кәсіби шеберлігі жарысы басталды. Сайыстың ашылу шарасына ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары А.Шаңғытбаев, Қазақстанның энергетика ардагерлері кеңесінің төрағасы С.Нұрпейісов және Қызылорда облысының әкімі Қ.Ысқақов қатысты.
Жарысқа 7 мемлекеттің өкілдері қатысуда. Оның ішінде - Румыния, Ресей, Беларус, Қырғыстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Тәжікстан бар.
Сайыстың ашылу салтанатында облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов шара қонақтарын құттықтап, сәтілік тіледі.
«Қызылорда облысы – тұңғиық тарих пен жарқын келешектің мекені. Сыр елі - Шығыс өркениеті орталықтарының бірі, адамзаттың ғарышқа алғаш сапары да осы аймақтан бастау алған. ТМД елдерінің электротехника және электроника бойынша жұмысшыларының XVI Халықаралық сайысы біздің облыста жалғасын табуда. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне және Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы қауымдастығына облыс мамандарының біліктілігін арттыруда республикалық деңгейдегі шараның аймағымызда өткізуіне ықпал жасағаны үшін алғыс айтамыз. Энергетика саласы қашан да аймақ экономикасында маңызды рөл атқарады»,-деді аймақ басшысы.
Сайыстың бірінші күнінде таныстырылым-көрме ұйымдастырылып, ашылу салтанаты концерттік бағдарламамен жалғасты.
Еске салайық, облыс әкімдігі Энергетикалық консорциум құрып, аймақтың энергетикалық саласын дамыту тұжырымдамасын әзірлеп, бекіткен болатын. Консорциумның келісілген жұмысының нәтижесінде өңірдің энергетикалық кәсіпорындары арасындағы өзара әрекеттесу тиімділігі артты.
Соңғы 6 жылда облыста 300 астам электр желілері, сондай-ақ, шамамен 90 қосалқы станция жаңартылды. Бұл өз кезегінде тұтынушыларды сапалы электрмен қамтамасыз етуге және желілердегі шығындарды азайтуға мүмкіндік берді.
Сайысқа қатысушылар жоғары кәсіби шеберлік пен алға қойған мақсаттарына жетуде табандылық таныта отырып, мол тәжірибе жинақтайды.
Айта кетейік, аталмыш сайыс биыл 16-рет өткізіліп, ағымдағы жылдың 20-24 қыркүйек аралығын қамтиды. 25 қыркүйекте жарыс қонақтары Байқоңыр ғарыш айлағынан зымыранның ұшуын тамашалайды деп күтілуде.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |