Тұрсынбай Құлахмет бокстан әлем чемпионатын қола медальмен аяқтады

Бүгін Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Тұрсынбай Құлахмет Қазақстан қоржынына екінші қола медальді салды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
75 келі салмақта ел намысын қорғаған Құлахмет жартылай финалда филиппиндік Эумир Марсиальмен жұдырықтасып, 5:0 есебімен ұтылды. Тұрсынбай Құлахмет өткен жылы Жазғы Азия ойындарынаалғаш рет қатысып, чемпион атанған болатын. Міне, әлемдік додаға да бірінші рет қатысып, қола медальға қол жеткізді. Бұл - бокстан әлем чемпионатындағы екінші қола медаль. Осыған дейін 52 келі салмақта тағы бір отандасымыз Сәкен Бибосынов ел қоржынына алғашқы жүлдені салған болатын.


НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 қыркүйек 2019 г. 329 0