« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақовтың төрағалығымен Қызылорда облысы әкімдігі жанындағы құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті. Күн тәртібінде облыс көлемінде алаяқтық қылмысының алдын алу шаралары, Қазақстан Республикасының құқықбұзушылық профилактикасының 2017-2019 жылдарға арналған кешенді жоспарының орындалуы және құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі 2020-2022 жылдарға арналған кешенді жоспардың жобасы мәселелері қаралды.
Облыс көлемінде алаяқтық қылмысының алдын алу шаралары туралы Қызылорда облысының полиция департаменті бастығының орынбасары С.Х.Шалхаров баяндады.
«2019 жылдың 8 айында Қызылорда облысы бойынша 568 алаяқтық қылмыстары тіркелген. Полиция органдары қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде аталған қылмыстың 80 пайызы немесе 322 ашылып, қылмыскерлерге қатысты тиісті шаралар қолданылды. Ағымдағы жылдың 8 айында алаяқтық жасағаны үшін 195 адам ұсталып, 101 қатысты қылмыстық іс айыптау қорытындысымен сотқа жолданса, 94 қатысты екі жақтың ымыраласуына байланысты қылмыстық іс қысқартылған»,-деді С.Шалхаров.
Тіркелген алаяқтық қылмыстары: қарызға ақша алып қайтармағандар - 61, несие алуға көмектесемін дегендер - 28, кезексіз жер алып беремін дегендер - 4, кезектен тыс пәтер алып беремін - 60, интернет желісі немесе ұялы телефон арқылы сенімге кіріп, есеп шотына ақша салдырғандар саны -139. Осы қылмыстарды жасаған күдіктілердің 133-әйел, 62-ер азаматтар.
Алаяқтық қылмысының ашылмай қалуының бірнеше себептері: бірінші, жәбірленушілердің кеш арыздануы. Ағымдағы жылдың 8 айында алаяқтық қылмысы бойынша 241 азамат құзырлы органдарға кеш арызданған. Яғни, 1 жылдан аса уақытта - 68, 3 жылдан аса уақытта - 35, 5 жылдан кейін - 10.
Екіншіден, әлеуметтік желі арқылы берілген жарнамадағы затқа алдын ала төлем жасауды немесе ұялы телефон арқылы басқа қалада жүрген баласын немесе бауырын қылмыстық жауапкершіліктен босату үшін деп ақша сұрағандарға алданып, бейтаныс адамның шотына ақша аударады (Киви кошелек, ОЛХ жарнамасы және т.б.).
Үшіншіден, кәсіпкерлердің, жеке тұлғалардың арасында екі жақпен жасалған келісімшарттың негізінде сатылған заттың қаражаты уақытылы қайтарылмай, құзырлы органдарға алаяқтық жайында арызданады.
Қазақстан Республикасының құқықбұзушылық профилактикасының 2017-2019 жылдарға арналған кешенді жоспарының орындалуы туралы облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары С.Е. Шотаев баяндады.
«Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 27.04.2017 ж. № 23-6/07-575 хаттамасының 2.1-тармағына сәйкес «ҚР құқықбұзушылық профилактикасының 2017-2019 жылдарға арналған кешенді жоспарының» негізінде, жоспардың іске асырылуын қамтамасыз ету үшін осыған ұқсас Қызылорда облысындағы құқық бұзушылықтар профилактикасының 2017 - 2019 жылдарға арналған кешенді жоспары Қызылорда облысы әкімінің 12.06.2017 ж. № 13-11/3740 құжатымен бекітілді. Қызылорда облысы әкімінің аппаратымен кешенді жоспардың орындалуы бақылауға алынған және оған тұрақты мониторинг жүргізілуде»,-деді С.Шотаев.
Құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі 2020-2022 жылдарға арналған кешенді жоспардың жобасы туралы Қызылорда облысының полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Ш.Е.Амитов баяндады.
ҚР Президентінің № 27 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Президентінің «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасын және «Бірге» жалпыұлттық акциясы барысында алынған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 8-тармағына және ҚР Үкіметі жанындағы құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 01.08.2019 ж. № 23-3/07-760 хаттамасына сәйкес «Құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі 2020-2022 жылдарға арналған кешенді жоспардың жобасы» әзірленген.
Кешенді жоспарды әзірлеу және іске асыру қажеттілігі құқықбұзушылықтың алдын алу, мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру, бұлтартпау шарасына кешенді және жүйелі түрде келу бағытында туындаған.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |