«Qobyz» сауда белгісі: Қызылордада өндірілген

Қызылордада жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының қауымдастығы «Qobyz» сауда белгісімен бастауыш сынып оқушыларына арнап бірыңғай мектеп формасын шығара бастады. Бұл туралы өңірлік кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Қауымдастық қолға алған әлеуметтік жобаға облыс орталығынан әзірге 33 мектеп қатысты. Алғашқы пилоттық жылда мектеп формасы 1-сынып оқушыларына арнап тігілді. Жобаға Қызылордадағы «Dalatex» компаниясынан бөлек, 20-ға жуық тігін шеберханасы қатысты. 100-ден астам адам жұмыспен қамтылды.

Жұмыстың енді басталуына байланысты тапсырысты дер кезінде орындауда кемшілік кездесті. Дегенмен, міндеттемемізді толық орындадық. Жобаның артықшылығы, әлеуметтік сипатқа ие болуында. Тігілетін киім бағасы 10-12 мың теңгеден аспайды, – дейді қауымдастық төрағасы Ділмұхамед Абызов.

Жобаны жүзеге асырудағы мақсат – жергілікті нарықтағы өз өніміміздің үлесін арттыру.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 қыркүйек 2019 г. 480 0