Облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Еуразия» спорттық кешенінде «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету» шарасы өтті.
Онда қалаға қарасты ауылдық елді мекендердегі аз қамтылған отбасылар, тұрғындардың әлеуметтік қорғалуға жататын санатындағы азаматтар мен аса мұқтаж 16 отбасы балаларын мектеп құралдары мен спорттық киімдермен қамтамасыз етті.
– Осындай шаралар арқылы өңір ардагерлері келешекте еліміздің иесі болатын жастарды отансүйгіштікке, жерін, елін қорғауға тәрбиелеуге қол жеткізеді. Мұндай кездесулер мемлекеттің жасап жатқан қамқорлықтарына ардагерлердің де, жастардың да ризашылығын қалыптастырады деген сенімдеміз, – деді облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев.
Шарада балалар суда жүзетін арнайы киімдермен қамтамасыз етіліп, «Еуразия» спорттық сауықтыру кешенінің жүзу бассейнінде демалыс ұйымдастырылды. Ата-аналар балаларына сыйлаған қуаныш үшін шара ұйымдастырушыларына алғыстарын жеткізді. Ардагерлер кеңесінің төрағасы мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтты.
Шынар БЕКБАН,
«Сыр бойы».