« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Тура бір айдан кейін жылу маусымы басталады. Аймақтағы арнайы нысандарды жөндеу жұмысы аяқталуға жақын. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Марат Делмұханов айтты.
Бүгінде коммуналдық кәсіпорындар мен әлеуметтік нысандарда жылу маусымына дайындық жоспарға сәйкес жүріп жатыр.
– Оның ішінде «Қызылордажылуэлектрорталығында» – 99, Қызылорда электр тарату тораптары компаниясында – 95, «Қызылорда су жүйесі» мекемесінде 100 процентке орындалды, – деді М.Делмұханов.
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Медет Усаин Қызылорда қаласының Белкөл кентіндегі казандықты табиғи газға ауыстыруға қам жасалып жатқанын жеткізді. Ол үшін 183 млн теңге бөлінген.
Өңірдегі әлеуметтік нысандарға жылдық жоспар бойынша 37 мың тонна көмір, 22 мың тонна дизель отыны керек. Белгіленген мекемелер қазір соны біртіндеп жеткізуде. Қоймада қажетті көмірдің әзірге – 92, сұйық отынның 90 проценті бар. Облыстағы 31 қабылдау пунктінде көмір 13-16 мың теңге аралығында саудаланып жатыр.
– Алайда, халық оны сатып алуға асығар емес. Жылдағы әдетпен күн суыған кезде ғана қимылдаған жағдайда кезек көбейіп, қиындық туындауы мүмкін. Сондықтан қыстың қамына осы бастан кіріскен жөн, – деді басқарма басшысы.
Ал жылу бағасы жыл аяғына дейін өзгермейді. Облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің басшысы Гүлмира Өтегенова брифингте биыл қыркүйекте тариф өткен жылғыдан 1,2 процентке төмендегенін, әлі де осы қалыпта болатынын айтты.
Назерке Саниязова
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |