Аграрлық саланың ауқымы кең

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақында халыққа арнаған Жолдауында ел өмірінде халықтың мүддесін қолдайтын көптеген мәселелер қамтылды. Алға қойған мақсаттың бірі ретінде қарқынды дамыған дамыған және инклюзивті экономикаға қол жеткізу ісі алға қойылды, бұл міндетті іске асыру үшін жеті бағыт белгіленді. Соның ішінде агроөнеркәсіп кешенін дамытуға үлкен мән берілді, бұл ауылшаруашылығы өкілдерінің көңілінен шығады.
Агроөнеркәсіп біздің негізгі ресурсымыз, байлығымыз. Жолдаудағы агросалаға берілген міндеттемелер мен қолдаулар, біздің облысымызға берілген тікелей бақыт, бағдарлама деп білемін. Себебі, біздің өңір аграрлық салаға бейімделген, екіншіден аймағымыздың 238 мың гектар егістік жерлердің 98 проценті суармалы. Бүгінгі күні облыста 187 гектар инженерлік жүйеге келтірілген жердің пайдаланып отырғаны 88 гектар, ендігі кезек жолдаудағы міндеттемелерді іске асыру мақсатында суармалы алқаптардың көлемін ұлғайту, инженерлік жүйедегі жерлерді қайта қалпына келтіру болып табылады.Бұлміндеттер бойынша аймағымызда жұмыстар жүргізіліп кетті.
Аймағымызда 187 мың гектар инженерлік жүйеге келтірілген жерді қайтадан қалпына келтіру мақсатында үш жоба жүргізіліп жатыр. Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру - 2 және 29 мың гектар суармалы жерлерді қайта қалпына келтіру, ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру – 3. Осы жобаларды іске асыру мақсатында Дүниежүзілік банктер арқылы аймағымызға 164,2 млрд инвестиция  тартылатын болады.
Жолдаудағы міндеттердің бірі  суармалы жер көлемін 2030 жылға дейін 1,5 млн гектардан 3,0 млн гектарға ұлғайтуымыз қажет деген болса, облысымызда суармалы жердің көлемін 332 мың гектарға ұлғайту межеленуде.
Жоғарыдағы жобалардың облысымыздаіске асуына мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы оң әсерін тигізетіні анық. Олаймақтыңауылшаруашылығы қарқынды дамуына мол серпіліс береді.
Жолдауда ел экономикасын және халықтың әл-ауқатын дамытуда ауылшаруашылығы кәсіпорындары үлкен күш екені кеңінен айтылып, міндеттер жүктелді. Енді сол алға қойған міндеттерді бәріміз бірге жүзеге асыруымыз керек. Бұл бағытта нәтижелі іс атқару алдағы міндеттердің бірі.

ЖОРАБЕК НҰРЫМБЕТОВ
Қызылорда облыстық мәслихатындағы 
«Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 қыркүйек 2019 г. 966 0