« Шілде 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 | 31 |
Соңғы
жылдары ерекше екпінмен жаңарып, жайқалып келе жатқан шырайлы Шиелі тағы бір
сәулетті ғимаратпен толықты. Жеке кәсіпкер Нұрлыбек Мырзабековтің өз қаржысымен
бой көтерген жаңа форматтағы фарма-маркет дәріханасының екі қабатты ғимараты
тұрғындардың көзайымына айналды. Оның көзтартар сәулетімен қатар, халыққа
қызмет көрсету аясының кеңдігі, фармацефтика саласындағы жаңа технологияларды
игергендігі елді сүйсіндірді. Айта кетерлігі, Сыр өңірінде тұңғыш қолға алынған
бұл жоба Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Астана эннафэйшен» компаниясының
меншік иесімен тығыз байланысы арқылы жүзеге асырылды.
Осыдан жиырма жыл бұрын негізі қаланған «Мөлдір және компания» толық серіктестігі аудан тұрғындарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде өзіндік қолтаңбасын қалыптастырып үлгерген ұжым. Бұл серіктестік Шиелі кентінде 3 дәріхана, ал жалпы аудан көлемінде 5 осындай салалық мекемеге иелік етіп келеді. Жоғарыда айтылған жобаның ерекшелігі ғимараттың бірінші қабатына фарма-маркет орналастырылса, республика бойынша қолға алынған үшінші жоба ретінде өзіндік жаңалығы мол. Бұрын аталмыш жоба бойынша Астана, Өскемен қалаларында халыққа қызмет көрсетілсе, енді міне, ол Қызылорданың Шиелісінде жүзеге асырылады. Онда итальяндық жаңа үлгідегі робот техникасы іске қосылып отыр. Бұл қызметтің сапалығымен қатар ұқыптылығының артықшылық екендігі анық. Тағы бір жанға жайлы ерекшелік – жаңа ғимарат күн сәулесінен қуат алатын қондырғымен қамтамасыз етілгендігі. Елбасының баламалы қуат көздерін пайдалануды жүзеге асыру туралы тапсырмасына сай нақты істің көрінісі осы болса керек.
Жаңалыққа толы ғимараттың ашылу салтанатында Шиелі ауданының әкімі Қайратбек Сәрсенбаев, ұзақ жылдар бойы облыстың денсаулық саласын басқарған, медицина саласының ардагері Тұрғанбай Маханов, «Облыстық медициналық және фармацефтикалық қызметті бақылау департаменті» басшысының орынбасары Ғалия Бәйменова және де аталмыш жобаның жетекшісі Астана қаласындағы «Астр-лаб-солюшен» компаниясының президенті Әсел Нұрымбетова құттықтау сөз сөйледі.
Нұрмахан ЕЛТАЙ.
Шиелі ауданы.
« Шілде 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 | 31 |