«Қызылорда су жүйесі» мекемесі бүгін қаланың бірқатар бөлігінде уақытша су болмайтынын хабарлады.
Қазіргі күні Қараша көшесіндегі ескі қысымды ауыз су құбырын қолданыстан ажырату жұмысы жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты 11 қыркүйек күні түнгі сағат 22.00-ден 12 қыркүйек күні таңғы сағат 07.00-ге дейін су беру уақытша тоқтатылады. Атап айтқанда, бұл хабарлама Тасбөгет қыстағы, СПМК-70, Астана, Сырдария, Ипподром, Арай, Саяхат, Сәулет, Шұғыла, Қызылжарма, Әл Фараби аудандарында, қала орталығы мен теміржол бойының арғы бетіндегі халыққа қатысты.
Осы ретте мекеме басшылығы қала тұрғындарынан қажетті ауызсу көлемін жинап алуды және атқарылатын жұмысқа түсіністікпен қарауды сұрайды.