Қарызы кешірілетіндердің қатарында барсыз ба?

Осы күні Президент Жарлығы бойынша қарыз жүктемесінің төмендеуі мен несиенің бір бөлігін жабу процесі қызу жүріп жатыр. Бұл хабар барша қазақстандықты қуантқаны рас. Алайда халық арасында бұл жеңілдікті кімдер пайдалана алатыны, қарызы кешірілетіндердің тізімінде болмаса не істеу керек екеніне қатысты сұрақ көп.

Аталған сұрақтарды талқылап, кішігірім лайфхактармен бөлісуді жөн көрдік.


ӨЗ МӘРТЕБЕҢІЗДІ ҚАЛАЙ ТЕКСЕРУГЕ БОЛАДЫ:


- enbek.gov.kz сайтына кіріңіз;

- «Борыштық жүктемені төмендету бағдарламасына қатысу үшін мәртебені тексеру» тетігін таңдаңыз;

- ЖСН-іңізді жазып, мәртебеңізді біліңіз.


немесе

- 111 бірыңғай нөмеріне хабарласу.


тағы 


- egov.kz электронды порталында көруге болады.

БАСҚА АМАЛЫҢЫЗ БОЛМАҒАН ЖАҒДАЙДА ҒАНА:

- ХҚО-ға барыңыз.

Алайда, егер сіздің аты-жөніңіз тізімде болмаса және сіз онымен келіспесеңіз, онда сізге 111, 74-32-20, 75-01-79 және 75-01-78 нөмірлеріне хабарласу керек.

Егер сізді тізімнен алып тастау себебімен келіспесеңіз, онда сізге банкке немесе несие берген микрокредиттік ұйымға жүгіну қажет.



"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 қыркүйек 2019 г. 1 361 0