Облыс әкімінің өкімімен және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Қармақшы аудандық мәслихатының келісімдері бойынша Қармақшы ауданының әкімі лауазымына Қалдарбеков Мұса Оспанұлы тағайындалды.
М. Қалдарбеков 1972 жылы туған. Алматы технологиялық институты мен Алматы технология және бизнес университетін бітірген.
Еңбек жолын Кентау қаласындағы тігін фабрикасының жұмысшысы ретінде бастаған.
1991-1997 жылдары – Жаңақорған өндірістік комбинатының жұмысшысы, «Кереге» кіші мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары.
1997-2011 жылдары Алматы қаласының салық органдарында жауапты басшылық қызметтер атқарған.
2011-2019 жылдары – Батыс Қазақстан облысы бойынша салық департаменті бастығының орынбасары, Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары.
2019 жылдың мамыр айынан бастап осы кезге дейін Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.