« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Облыста тұрғын үй құрылысының қарқыны қарымды. Сырдарияның сол жағалауында салынып жатқан көпқабатты үйлер көз қуантады. Жуырда мұнда тағы 240 тұрғын «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы қоныстанбақ. Бұл жағымды жаңалыққа біз «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ облыстық филиалының ұйымдастырған баспасөз турында көз жеткіздік. Банк басшылығы көпшілікті баспаналы болудың қарапайым шарттарымен таныстырып, үйлерді аралап көрсетті.
– Кез келген банк салымшысы аталған бағдарламаға қатысып, осы тұрғын үйлерді сатып ала алады. Өтініш baspana.kz порталы арқылы 28 тамыздан бастап қабылдануда. Бірақ, үй алуға деген қабілетті анықтау үшін жеке есеп-шотта 500 мың теңге болуы шарт. Пулға ең көп балл жинаған адамдар кіреді. Балл саны депозитті толықтыру жиілігіне және оның мерзіміне байланысты, яғни салымшының шоты неғұрлым ерте ашылып, тұрақты түрде толықса, онда оның балл саны да жоғары болады. Есептеу процесі автоматтандырылған әрі айқын түрде жүргізіледі, – деді «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ облыстық филиалы директорының орынбасары Ілияс Жұрынов.
Сонымен, аумағы 57 шаршы метрді құрайтын 2 бөлмелі пәтердің құны 7 980 000 теңге деп есептесек, оның 1 596 000 теңге бастапқы жарнасын жинаған тұрғын ай сайын 44 422 теңге төлейді екен. Ал, құны 9 380 000 теңгені құрайтын 3 бөлмелік пәтердің бастапқы жарнасын төлеген азамат 8 жылға 52 000 теңгені қалтасынан шығарса, кейін төлем 43 125 теңгеге төмендейді.
Иә, баспаналы болуға барынша көмектесетін бағдарламаны тиімді пайдаланып, оның игілігін көруге асыққан дұрыс. Себебі, бір үйге қол жеткізу – кез-келгеннің арманы. Баспасөз тур барысында әрбір тұрғынның бұл тақырыптан шет қалмайтынын да аңғардық. Фатима Нұрлыбекова солардың қатарында.
– Қазір үй алудың жаңа мүмкіндіктері көбейді. Сол үшін қуаныштымын. Ұл-қызымды жеткіздім. Немерелерімнен үлкен үміт күтемін, балаларыма олардың болашағын осы бастан қамдауға көмектескім келеді. Сондықтан осы шарадан тыс қалмауға тырыстым. Қажет мәліметтерді алдым. Үйлердің сапасы жақсы, көңілімнен шықты. Аулада балаларға арналған ойын алаңы қарастырылған. Жақын жерден қоғамдық көлік те қатынайды. Алдағы уақытта балабақша пайдалануға беріледі екен, – дейді ол.
Сөз соңында сол жағалаудың тұрғынына айналуды ойлайтындар baspana.kz порталынан қажетті мәліметтерге қанық бола алатынын айтпақпыз. Мұнда сіз бағдарламаға қатысуға өтініш қалдырудан бөлек, банктің әрбір жаңалығынан хабардар болып, өзіңізге ұнаған нысанды, ондағы пәтерді таңдау мүмкіндігіне ие бола аласыз.
Мөлдір ҚАЛЫМБЕТ,
Суретті түсірген: Н.НҰРЖАУБАЙ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |