Қазақстан Парламенті палаталарының бірлескен отырысы басталды

Бүгін елордада ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы басталды. Бірлескен отырыс барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына алғашқы Жолдауын жасайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
Алқалы жиынға ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР Конституциялық Кеңесінің, Жоғарғы Сотының және Орталық сайлау комиссиясының төрағалары, ҚР Премьер-Министрі, ҚР Үкіметінің мүшелері толық құрамда, ҚР Президентіне тікелей есеп беретін және бағынатын орган басшылары, ұлттық компаниялар мен мемлекеттік ұйымдар басшылары қатысып отыр.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 қыркүйек 2019 г. 334 0