Аудан әкімі егіншілерге сәттілік тіледі

Кеше Сырдария ауданы әкімі Р.Рүстемов облыстық мәслихат депутаты, белгілі меценат Б.Мақашевпен бірге Қалжан ахун ауылдық округіндегі "Бақ" шаруа қожалығының егіс алқабында болып, егін орағына қатысты.
Егіншілердің қуанышына ортақтасып, тілектес екенін білдірген аудан басшысы аграрлы ауданның ауылшаруашылық саласын қолдауға бағытталған шаралар алдағы уақытта қарқын түрде жүзеге асатынын атап өтті.
– Сіздерді "30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні" мерекесімен және бүгінгі егінге орақ түсу қуанышымен шын жүректен құттықтаймын. Биылғы жылы ауа райының қолайлы болуынан егін егу жұмыстары мерзімінде атқарылып, вегетация кезінде суармалы сумен қамтамасыз етуде мәселелер орын алған жоқ. Ауыл шаруашылығы құрылымдарынан алынған мәліметке сәйкес, өткен жылғыдан да жоғары өнім өндіріледі деп күтілуде. Ол дихан қауымының ала жаздай төккен тері мен ерен еңбегімен келетіні белгілі. Ендігі мақсатымыз адам күшімен барлық материалдық - техникалық ресурстарды жұмылдырып, егінді қысқа мерзімде төкпей - шашпай жинап алу. Оған толық мүмкіндігіміз бар,- деген аудан басшысы биылғы жылы да ауданымыз облыс бойынша жоғары көрсеткішке жететініне сенім білдірді.
Айта кету керек, аудан бойынша 2019 жылы 32 597 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, оның ішінде күріш 21 050 гектарды құрады.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 тамыз 2019 г. 432 0