"Харекет" қорынан тағы бір қызылордалық үй алды (видео)
"Әр қазақ менің жалғызым" деп ұрандатып мұқтаж отбасыларға баспана сыйлап жүрген "Харекет" қайырымдылық қорының 128-нші баспанасы Қызылорда облысы Тасбөгет кентінің тұрғыны жалғыз басты 5 баланың анасы Әділбаева Айнұр Біләлқызына табысталды.
Өмірдің ыстығы мен суығына мойымай, 5 перзентке, оның ішінде 3 науқас балаға пана болып, сынаққа сынбай қарсы тұрып келе жатқан жалғызбасты ана Қазақ халқына алғысын айтты.