Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен және қазақстандық мұнай өнеркәсібінің 120 жылдығымен құттықтады.
Аймақ басшысы «Кезінде Құмкөл кенішінің ашылуы - Сыр өңірінің мұнайлы өлке ретінде дамуы мен өнеркәсіптік аймаққа айналуының негізін қалады»,- деп атап өтті.
"Қазірдің өзінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары бекітілді. Кешенді жоспарда Шу-Сарысу,
Оңтүстік - Торғай, Сырдария шөгінді бассейндерін геологиялық зерттеу де қамтылған, онда көмірсутек қорларын анықтау қарастырылған", - дей келе аймақ басшысы облыстың ірі компанияларын мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде жаңа кен орындарын барлау бойынша бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.
Сондай-ақ, мұнай саласының құрметті ардагері, Қазақстанның «Еңбек ері» Ұзақбай Қарабалин сала қызметкерлерін құттықтады.