Аралда ұстаздардың тамыз конференциясы өтуде

Арал ауданында "Білім және ғылым" тақырыбында  ұстаздардың дәстүрлі тамыз кеңесі өтуде, - деп хабарлайды "Сыр бойы" газетінің тілшісі Ержан Қожасов.
Аталған шараға аудан әкімі М.Оразбаев, білім бөлімінің басшысы С.Жанназарова, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Г.Дүйсембаева және аудандық мәслихат депутаттары, мектеп басшылары мен орынбасарлары, аудан мұғалімдері қатысуда.
Айта кету керек, тамыз кеңесі алдында аудан мектептеріндегі көп балалы отбасыдан шыққан 126 оқушыға "Жүректен жүрекке" атты мектепке жол акциясы шеңберінде оқу құралдары табыс етілді. Аудан бойынша биыл акция барысында 970 балаға кәсіпкерлер мен мекеме ұжымдары оқу формасы мен қажетті құралдар тарту еткен.
Сонымен қатар, тамыз конференциясы барысында аудан мен қала мектептерінің білім саласындағы жетістіктері және оқытудағы түрлі ғылыми жобалардың көрмесін келушілер тамашалауда.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 тамыз 2019 г. 856 0